Рационал бөлшектерді теп - тең түрлендіру
Сабақтың тақырыбы
Рационал бөлшектерді теңбе-тең түрлендіру. Өздік жұмыс.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Теңбе-теңдік және теңбе-тең түрлендіру ережелерін тұжырымдау; рационал бөлшектердің негізгі қасиетін меңгерту; рационал бөлшектерді қысқартуға үйрету.
Дамытушылық
Өрнектің мүмкін мәндер жиынын (ММЖ) және бөлшек қасиеттерін қолдану арқылы білім мен білікті дамыту; өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, сұрақтарға нақты жауап беруге, алған білімді практикамен ұштастыруға және өз білімін көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақты ұйымдастыру.
- Оқушылардың топта өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Дәйексөз: «Уақытылы білім алмасаң, іске қолың жетпейді.»
— Жүсіп Баласағұн
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы кодоскоп арқылы тексеріліп, бағаланады.
Өткенді қайталау
Төмендегі өрнектерге сәйкес келетін теңбе-теңдіктерді табу:
Негізгі өрнектер
- (a + b)2
- (a − b)2
- (a + b)3
- (a − b)3
- a2 − b2
- a3 + b3
- a3 − b3
Топтық жұмыс форматы
1-топ
Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.
2-топ
Формулаларды жазады.
3-топ
Қорытынды шығарады.
Ынталандыру
«Білім — байлық, таусылмайтын, бітпейтін; ұры-қары, қу жоқ оны “үп” дейтін.»
— Жүсіп Баласағұн
Тапсырмалар парағымен жұмыс
Өздік ізденіс
Оқушылар топта жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздейді.
Мұғалімнің қолдауымен талқылау
Мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізіледі, жауаптар нақтыланып, қорытындылар жасалады.
«Қандай адам білім алса тәуірлеп, сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп.»
— Ю. Баласағұн
Жеке жұмыс
Тақтамен және оқулықпен жеке жұмыс орындалады.
Бекіту және бағалау
Математикалық диктант
Қысқа тапсырмалар арқылы негізгі ережелерді қаншалықты меңгергені тексеріледі.
«Қатесін тап»
Әдейі жіберілген қателері бар түрлендірулерді талдап, дұрыс шешімін ұсыну.
Үй тапсырмасы
Оқулық бойынша: рационал бөлшектерді теңбе-тең түрлендіру және қысқарту тақырыбына тапсырмалар.
«Білім мен ақыл бірге жүрсе — жарайды, бүкіл әлем бір-ақ қолға қарайды.»
— Ю. Баласағұн