Ақұштап БақтыгерееваАйдын көлдің арызыҚонатын қаздар қаңқылдапМөп - мөлдір еді айдыным

Ақұштап Бақтыгереева

Айдын көлдің арызы

Қонатын қаздар қаңқылдап
Мөп - мөлдір еді айдыным.
Ойнайтын сазан жарқылдап,
Есепсіз еді байлығым.
Бетімде самал шайқаған
Билеткем түнде ай нұрын.
Қамысты нудан байқағам
Жолбарыстардың айбынын.
Менімен сұлу кеші де
Нұрлы еді дала таңдары.
Салатын ойнақ төсіне
Аққудың балапандары.
Қамысты шапты адамдар,
Өртеді біреу қалғанын.
Жойылды тірлік жағамда,
Мен енді шалқи алмадым.
Тартылдым, жағам тозғанда
Тайғандай бастан бар бағым.
Мергендер атқан қаздарға
Пана да бола алмадым.
Жоғымның орны толды ма?
Көркім жоқ жолшы мақтаған.
Қарала үйрек орнына
Шүрегей мынау қаптаған.
Шалқып бір жатқан күндерде
Құшақты жайдым баршаңа.
Сусының болып шілдеде
Ләззат бердім қаншама.
Жалынам бүгін бәріңе,
Үмітпен ұрпақ баққандар.
Қолыңнан келсе, әлі де
Жоғалтпай мен сақтандар.



Ұқсас жұмыстар

ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
Балқаш көлі
Көркем образ
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Жайықта мен қазақпын
Сәкен Иманасовтың публицистикасы
Қазақстанның табиғи-тарихи рекреациялық нысандарына жалпы сипаттама
Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу
Еркеш Ибраһимның ақынның мұрасы
Көкшетау–Бурабай аймағына жалпы сипаттама
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
Бернштам баскарған экспедиция
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Әлеуметтік медицинадағы эпидемиология
Жалпы және медициналық электроника
Теледидар
Жылумен өңдеген кезде Жылқы еті қалай өзгереді?
Мемлекеттік кредиттің мәні