Жауынгерді балалар
Мақсаты
Білімділік
Балаларға Ұлы Отан соғысы, Жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік беру; білімдерін толықтыру және бекіту.
Тәрбиелілік
Отанды қорғауға, елге сүйіспеншілікпен қарауға, үлкенді құрметтеуге, Отан үшін шайқасқан аға-апаларымыздың рухына тағзым етуге тәрбиелеу; үлкенге — ізет, кішіге — қызмет; адамгершілік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру.
Дамытушылық
Балалардың ой-өрісін, қиялын, тілін, сөздік қорын және ән айту қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер
Альбом, буклеттер.
«Желбіре, Жеңіс туы!»
Жеңіс күніне арналған ертеңгілік сценарийі
1-жүргізуші
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ — бақытты ұрпақ атанып,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген — жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Сахналық әрекет
Музыка ойнайды. Балалар қолдарына гүл шоқтарын, шарлар ұстап залға кіреді.
2-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі, 9 мамыр — 5 жылға созылған Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, елімізге жеңіс әкелген күн.
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақ Отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы талай жүрекке жазылмас жара салды.
Биыл сол жеңіске 72 жыл толды. Бірақ бізге тыныш жылдар мен бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз. Ерлер есімі — ел есінде мәңгі сақталады.
1 минут үнсіздік
Соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады.
Бағдарлама
Қазір балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған «Желбіре, Жеңіс туы!» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар.
Естелік — өшпес өнеге
2-жүргізуші
Солдаттар биі орындалады.
Ортада: Диас, Баубек, Мирас, Санжар.
1-жүргізуші
«Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!» — бұл сөздер Жеңіс күнін атап өту кезінде жиі айтылады. Осы сөздер соғыста қаза тапқандарға арналған ескерткіштерде тасқа қашалып жазылған.
Асыл
Жеңіс деген — жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Ағалардың арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Тарихи тағзым
Бұл сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдиновтермен қатар апаларымыз да ұмытылмас ерлік көрсетті. Олар майданда жараланған жауынгерлердің өмірін сақтап қалуға аянбай еңбек етті.
Соғыс өрімдей жас Әлия мен Мәншүк сияқты батыр қыздарымызды да жалмады. Мәншүк 19 жасында майданға аттанып, пулеметші-мерген ретінде ерлікпен қаза тапты — елі үшін отқа түсіп, жас өмірін Отанға қиды.
Әлижан
Қайтпаған дауылдан,
Кек алған жауынан.
Халқымның қастерлі
Жайсаңы — Бауыржан.
Қазақтың қамы үшін
Жүрегі ауырған,
Елінің намысын
Қорғаған — Бауыржан.
Әнел
Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт,
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.
Ол жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ —
Батыр қызы қазақтың!
Ж. Айару
Сонау жылы жер-көкті
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жауды елден қорғаған.
Үстінде сұр шинелі,
Дулығасы — болаттан.
Мәншүк апа күн-түні
Жауға оқты боратқан.
Жеңіс туы тігілген сәт
1-жүргізуші
1945 жылы 30 сәуірде сағат 6:30-да Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.
Көрініс
Ортаға қолында қызыл жалауы бар Рақымжан Қошқарбаев шығады:
«Отан үшін — алға! Біз жеңдік!»
Иә, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Ержүрек батыр аға-апаларымыз сыйлаған бақытты таңдар мен бейбіт күндер үшін әрқашан бас иеміз.
Баубек
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Аянат
Ынтымақ бар елде гүлдесін,
Адамдар араз боп жүрмесін.
Қызықпен көз ашқан балалар,
Қанқұйлы соғысты көрмесін!
С. Айару
Мәншүк апай — батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Мирас
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі.
Әлия аты көңілде
«Әпкеміз» деп жүреді.
Ұйымдастыру туралы мәлімет
Мекеме
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші
Жолекенова Лиза Қайырбекқызы