Қазақ осы өлеңі

Ашық тәрбиелік шара презентациясы

Тақырып: «Ана тілім — бәрін сөйлер шежірем…» (тіл әлеміне саяхат)

Жүру барысы

Шара «Қазақ осы» өлеңімен ашылады. Орындайтын: Ғалымова Сәулеш.

Кіріспе

О, туған ана тілім! Қазақ тілі — көзімнің даласындай кең пішілген, жайдары да жалпақ тіл. Оның биязы мақамы домбыраның күмбір қаққан сазындай, асқан әуезділігі шырқап салар әндей. Туған тіл — біздің бірінші бақытымыз. Сондықтан да «Ана тіліміз» деп ардақтаймыз.

Осыған орай, «Ана тілім — бәрін сөйлер шежірем…» тақырыбындағы «Тіл әлеміне саяхат» тәрбиелік шарасын ашық деп жариялаймыз. Бүгін бәріміз бірге тіл әлеміне сапар шегеміз.

Кейіпкер

Ханшайым

Тілдер әлеміне саяхат жасауды көптен бері көңіліме түйіп жүр едім. Бүгін соның сәті түскендей. Өз ана тілімнің құдіреті туралы көбірек білгім келеді. «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың», — деген екен данышпан.

Жүргізуші

Дүйсенова Жаңылсын

Ендеше, ханшайым, сіз үш қақпадан өтіп, сыннан өтесіз.

«Таным» қақпасы

Қазақ тілі ең көне бастауларын ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен алады:

  • Талас–Орхон–Енисей жазулары (V–VIII ғғ.)
  • Жүсіп Баласағұн: «Құтадғу білік»
  • Махмұд Қашқари: «Диуани лұғат ат-түрік»
  • Қожа Ахмет Ясауи: «Хикметтер» (X–XII ғғ.)
  • Алтын Орда, шағатай және қыпшақ дәуірі жазбалары (XIII–XIV ғғ.)

«Ғұламалар» қақпасы

Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,

Жиреншедей дария шешен бабам.

Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,

Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

Халқымыздың тарихында ел үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгер ойшылдар мен қайраткерлер көп. Солардың ең ірілері — от ауызды, орақ тілді билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Қош келдіңіздер, бабалар,

Үш кемеңгер дүлдүлім!

Сақтаған елдің бірлігін,

Қалың елім пір тұтар,

Қасиетті үш бабам!

Төле би

Әрбір тілде сөйле — әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу — қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасай берсін мәңгілік.

Қазыбек би

Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілім, халқым-ау,
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

Әйтеке би

Қазақ, қазақ болғалы — тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің мүмкін емес өлшегі!

Тіл сенің — ең қайратты арыстаның!
Қорғаның, дұшпаныңмен алысқан күнің.
Тіл сенің — жігіттік, балалығың,
Өмірдегі адамдық даралығың.

Ердің құнын бағалар екі ауыз сөз,
Ел тағдырын шешіпті өткен бір кез.
Дұшпанға — у!
Қайран тілдің, достарым, құдіретін осыдан сез!

Ерлік пен тіл: Қайрат Рысқұлбеков

Диалог

Тергеуші: «Эй, ты! Что ты читаешь? Знаешь ли ты, подсудимый, что сегодня тебя расстреляют?»

Қайрат: «Білемін. Ана туралы өлең оқып отырмын.»

Тергеуші: «Говори свое последнее слово!»

Соңғы сөз

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая қарсы алдым сан тілімен.
Жаман үйді қонағы билейді екен,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілімнен.

Тергеуші: «Эй, ты, казах, говори правду. Пиши на русском языке!»

Қайрат:
Мойныма алдым жаланы,
Болсын халық алғысы.
Бөтен қолда кетпесін,
Туған жердің намысы.

Тергеуші: «Уведите! Расстреляйте!»

Жүргізуші: Теңдік, бостандық, тәуелсіздік оңай келген жоқ. Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі — Қайрат Рысқұлбеков.

Ханшайым: «Халықтың тіліне қиянат жасау — оның жүрегін жаралау», — деген ғой ұлы ойшылдарымыз.

Оқушылар үні

1-оқушы

Ермекқалиева А.

Өлең
Қасиетің, ана тіл, аз ба сенің?
Өзің барда ескірмес, тозбас елім.
Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.

2-оқушы

Қойшиева Д.

Өлең
Тілім менің! Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым.
Ол бүлінсе — менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім, бал тілім.
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім —
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

3-оқушы

Жұманова Қ.

Өлең
Туған тілім — бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім — анам тілі, өз тілім.
Туған тілім — далам тілі, өз тілім,
Туған тілім — адам тілі, өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

«Қазына» қақпасы

Ханшайым: Оқушылар өлеңді өте тамаша оқиды екен. Бірақ қақпа неге ашылмайды? Менің кім екенімді білмейтін сияқты…

(Осы сәтте арғы жағынан тілдей қағаз түседі.)

Сұрақ

Дүниеде не тәтті?
Дүниеде не ащы?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Жауап

Жүргізуші: Бұл сұрақтың жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған едік. Бүгін жауабы келді.

О, хан ием! Дұрыс сөйлей білу де — өнер. Жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жанды босатады. Сондықтан тіл — тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан тіл — ащы.

Ханшайым кітапты парақтап отырып: «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек үміт қалады», — деген екен Абай.

Абайдың он алтыншы қарасөзі — орындайтын: Қаратаева Р.

Қорытынды

Ана тілім — бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саңлақтай сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің — анаң, сыйлап өтіңдер!
Жүргізушінің қорытынды сөзі

Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі

«Дауға салса — алмастай қиған, сезімге салса — қырандай қалқыған, ойға салса — қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы — ана тіліміз», — деген екен Елбасы Н. Ә. Назарбаев.

Қорытынды бөлім

  • «Қара жорға» биі — орындайтын бишілер тобы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады

Негізгі ой

Ана тіл — ұлттың жадын сақтайтын шежіре. Оны құрметтеу — өзіңді, еліңді, тарихыңды құрметтеу.

Қадір Тарих Бірлік Өнер Жауапкершілік