Күлу тұнжыраудан оңай

Күлкі – тегін дәрі

Күлкі — күнделікті өмірде оңай қолжететін, бірақ әсері өте терең «дәрі». Төмендегі деректер күлкінің денсаулыққа, көңіл күйге және қарым-қатынасқа қалай ықпал ететінін көрсетеді.

1

Күлімсіреу денсаулықты нығайтады

Психолог мамандардың айтуынша, көңіл күй төмендеген сәтте өзіңізді күлімсіреуге «итермелеу» арқылы да эмоциялық ахуалды жақсартуға болады. Кейде жай ғана бет-әлпеттің өзгеруі миға оң сигнал беріп, жеңілдік сезімін тудырады.

2

Иммундық жүйені қолдайды

Күлкі шынымен де денсаулыққа пайдалы. Адам күле бастағанда дене босаңсып, бұл жағдай иммундық жүйенің күшеюіне жағымды әсер етуі мүмкін.

3

Күлкі жұқпалы

Бұл — ғылыммен дәлелденген құбылыс. Швецияда жүргізілген зерттеулерде адамдар күлімсіреп тұрған жанға қарағанда, бет бұлшықеттері өздігінен соған еліктеп, күлкіге бейімделетіні айтылған.

4

Стрессті азайтады

Күлімсіреген сәтте ағзада эндорфин бөлінуі мүмкін — тіпті өзіңізді күлуге мәжбүрлеген жағдайда да. Көңіл күйдің тез өзгеруі өзіңізді жақсы сезінуге көмектесіп, күйзелістің әсерін бәсеңдетеді.

5

Күлу — тұнжыраудан оңай

Ғалымдардың бақылауына сүйенсек, күлімсіреу мен тұнжырауды салыстырғанда, мұңаю және түнеру кезінде бет пен дене бұлшықеттері көбірек күш жұмсайды. Яғни, күлімсіреу кей жағдайда энергияны да үнемдеуге көмектеседі.

6

Бақыттың әмбебап белгісі

Қол алысу, құшақтау немесе қошемет білдіру әр мәдениетте әртүрлі мағына беруі мүмкін. Ал күлкі әлемнің көп бөлігінде қуаныш пен жылылықтың белгісі ретінде танылады.

7

Жұмыс кезінде де күлімсіреңіз

Көп жағдайда біз жұмыстағыдан гөрі үйде көбірек күлімсірейміз. Алайда жұмыс барысында да жылы жымию қарым-қатынасты жеңілдетіп, ортадағы атмосфераны жақсартады.

8

Күлкі кезінде ондаған бұлшықет іске қосылады

Күлу барысында 5-тен 53-ке дейін бұлшықет қатысуы мүмкін. Кей күлкі түрінде бірнеше бұлшықет қана жұмыс істесе, кейде бет-әлпетпен бірге көптеген бұлшықет бір мезетте белсенді болады.

Дайындаған: Жайна