Қан ұйығын түзетін қан плазмасының нәруызы

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Биология (8-сынып)
Мұғалім
Рыскулова Арай Куттыбаевна
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Пәнаралық байланыс
Химия, медицина

Тақырыптар

1) Эритроциттер және гемоглобин

  • Оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау
  • Гемоглобиннің рөлі
  • Артериялық және веналық қан айырмашылығы

2) Лейкоциттер және иммундық жауап

  • Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі
  • И. И. Мечников және фагоцитоздың ашылуы
  • Қабыну үдерістері

Мақсат және міндеттер

Мақсат

Эритроциттер мен лейкоциттердің құрылысы және атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділік

  • Эритроциттер мен лейкоциттер туралы білімді тірек-сызба арқылы пысықтау.
  • Терминологиялық сөздікпен жұмыс жасау.
  • Тақырып бойынша тест тапсырмаларымен қорытындылау.

Дамытушылық

  • Ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
  • Оқулықпен және қосымша материалмен жұмыс істеу біліктілігін жетілдіру.
  • Сыныпта оң эмоционалдық орта қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Оқуға деген оң көзқарас қалыптастыру және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дәріптеу.
  • Топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Организмнің ішкі ортасы туралы білімін тест және кесте арқылы дәлелдейді.
  • Эритроциттердің құрылысы мен қызметін тірек-сызба арқылы түсіндіреді.
  • Лейкоциттердің құрылысы мен қызметін тірек-сызба арқылы түсіндіреді.
  • Терминологиялық сөздікпен сауатты жұмыс жасайды.
  • Қан пластинкалары (тромбоциттер) бойынша кестені толтыра алады.

Әдістер мен модульдер

Сабақ әдістері

  • Көрнекілік
  • Сұрақ-жауап
  • Тірек-сызба
  • Сыни тұрғыдан ойлау

Қолданылатын модульдер

  • Жаңа тәсілдер (оқыту және оқу)
  • АКТ қолдану
  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Жас ерекшеліктеріне сай оқыту
  • Бағалау (оқыту үшін және оқытуды бағалау)

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушылардың көңіл күйін сұрау.
  • Психологиялық ахуалды көтеру үшін сергіту сәті.
  • Топқа бөлу: 1-топ — Эритроциттер, 2-топ — Лейкоциттер, 3-топ — Тромбоциттер.

Үй тапсырмасын тексеру (тест)

«Организмнің ішкі ортасы» және «Тромбоциттер» тақырыптары бойынша тест тапсырмасы (I нұсқа).

  1. Организмнің ішкі ортасы:
    A) Гормон B) Цитоплазма C) Жұлын D) Қан E) Нефрон
  2. Ұлпа сұйықтығы түзіледі:
    A) Лимфадан B) Қан жасушасынан C) Жұлыннан D) Плазмадан E) Жүйке жүйесінен
  3. Қанның ұлпасы:
    A) Бұлшықет B) Дәнекер C) Жабын D) Түзуші E) Жүйке
  4. Қанның құрамы:
    A) Плазма B) Лимфа C) Капилляр D) Нейрон E) Остеон
  5. Қан пластинкасы:
    A) Ұлпа сұйықтығы B) Лимфа C) Фибрин D) Альбумин E) Эритроцит
  6. Қанның гормондар мен белсенді заттарды тасымалдау қызметі:
    A) Жылу реттеу B) Қорғаныш C) Гуморальдық D) Зарарсыздандыру E) Фильтрация
  7. Ішкі ортаның құрамы мен қасиетінің тұрақтылығын сақтау:
    A) Ұлпа сұйықтығы B) Лимфа C) Плазма D) Макрофаг E) Гомеостаз
  8. Лимфа түзіледі:
    A) Ұлпа сұйықтығынан B) Плазмадан C) Фибрин жіпшесінен D) Альбумин нәруызынан E) Қан жасушасынан
  9. Қанның дене температурасын реттеу қызметі:
    A) Тасымалдау B) Жылу реттеу C) Қорғаныш D) Фильтрация E) Зарарсыздандыру
  10. Лимфаның қан плазмасынан айырмашылығы:
    A) Нәруыз мөлшері екі есе аз B) Нәруыз мөлшері екі есе көп C) Фибрин жіпшелерін түзуі D) Су мөлшерін реттеуі E) Оттегін тасымалдауы

Жауап кілті

1 — D, 2 — D, 3 — B, 4 — A, 5 — E, 6 — C, 7 — E, 8 — A, 9 — B, 10 — A

Жаңа сабаққа кіріспе

Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады.
Тектілердің тұяғы таңдайды құз-қияны.
Шын тектілер халқы үшін өлімге басын қияды.
Жақсы-жаман деместен, жанына жұртын жияды...

Бекасыл әулие (1822–1915)

Ой қозғау ретінде нақыл сөздер арқылы сабақтың мағынасы ашылып, жаңа тақырып бойынша жалпы түсінік беріледі.

«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер». (Ең мықты заңдар — халықтың дәстүрлері.)

Қан жасушалары: қысқаша анықтама

Эритроциттер

Ядросы жоқ, екі жағы ойыс диск тәрізді қызыл қан жасушалары. 1 мм3 қанда шамамен 4,5–5 млн.

Құрамында гемоглобин нәруызы болады.

Тромбоциттер

Өте ұсақ, ядросы жоқ, түссіз қан пластинкалары. 1 мм3 қанда 150–350 мың.

Лейкоциттер

Ядросы бар, белсенді қозғалатын ақ қан жасушалары. 1 мм3 қанда 6–8 мың.

Түсіну және қолдану (тірек-сызба)

Оқушылар тірек-сызбаға сүйене отырып, топтық түрде түсіндіру жұмысын орындайды.

1-топ

Эритроциттер бойынша тірек-сызбаны түсіндіру.

2-топ

Лейкоциттер бойынша тірек-сызбаны түсіндіру.

3-топ

Тромбоциттер бойынша тірек-сызбаны түсіндіру.

Топтық тапсырмалар (талдау және жинақтау)

1-топ: терминдермен толықтыру

Төмендегі сөйлемдерді сәйкес терминдермен толықтырыңыз: фибриноген, гемоглобин, гепарин, эритроцит, интерферон, лейкоцит, антидене, лимфоцит, макрофаг, моноцит, фагоцитоз.

  1. Нәруыз, қызыл қан жасушаларының құрамына кіретін зат — ________
  2. Бауыр мен гранулоциттер жасушаларында синтезделетін, ұюға қарсы әсер ететін зат — ________
  3. Қан ұйығын түзетін қан плазмасының нәруызы — ________
  4. Вирусқа қарсы зат — ________
  5. Фагоцитоз арқылы бактерияларды жоятын, қан тамырлары ішінде қозғалатын жасуша — ________
  6. Ақ қан жасушаларының микроорганизмдерді жұту үдерісі — ________
  7. Қанның ақ жасушасы — ________
  8. Қанда ең көп кездесетін жасуша — ________
  9. Антидене түзетін лейкоцит түрі — ________
  10. Ағзада белгілі бір антигенге қарсы түзілетін ерекше нәруыз — ________

Жауабы

1) гемоглобин, 2) гепарин, 3) фибриноген, 4) интерферон, 5) макрофаг, 6) фагоцитоз, 7) лейкоцит, 8) эритроцит, 9) лимфоцит, 10) антидене

2-топ: бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз

1) Гранулоциттердің формалары:

  • A) Нейтрофил
  • B) Базофил
  • C) Эозинофил
  • D) Фагофил
  • E) Лимфоцит

2) Лейкоциттердің қызметтері:

  • A) Оттекті тасымалдау
  • B) Газды өкпеге жеткізу
  • C) Қорғаныштық
  • D) Бөгде заттарды жою
  • E) Фагоцитоз

3) Эритроцитке тән:

  • A) Оттекті тасымалдау
  • B) Газды өкпеге жеткізу
  • C) Қорғаныштық
  • D) Бөгде заттарды жою
  • E) Фагоцитоз

Жауабы

1) A, B, C   2) C, D, E   3) A, B

3-топ: қан ауруларын сәйкестендіру

Қан ауруларын олардың ерекшеліктерімен сәйкестендіріңіз.

Аурулар

  1. Анемия
  2. Гемофилия
  3. Лейкемия

Ерекшеліктері

  • A) Қан тапшылығы
  • B) Қанның ұюы бұзылады
  • C) Қан обыры (аққан)
  • D) Қанның жылдамдауы
  • E) Қанның ұюы