Өзге ғаламшарлық

Радио хабарламасы және күтпеген қонақ

Жүргізуші: Құрметті балалар, қазір радио қабылдағышты қосамын. Бізге арналған маңызды хабарламаны тыңдайық...

Диктордың дауысы

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бүгін көктемнің ажарлы күнінде балабақшада «Ақжелкен» тобының балалары балабақшамен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы отыр. Олар мектепке барып, оқушы атанбақ.

(Үзіліс) Кхе-кхе... Балабақша ауласында белгісіз ұшатын нысана пайда болды. Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар — нысана анықталды. Бұл белгісіз ғаламшардан ұшып келген ғарыш кемесі. Кеме жерге қонды.

Өзге ғаламшарлық

Ой, мен қайдамын? Қайда келдім?

Жүргізуші

Сіз Жер деген ғаламшарға келдіңіз. Бізде балабақшаның қоштасу ертеңгілігі өтіп жатыр. Сіз кімсіз?

Өзге ғаламшарлық

Мен бе? Анам мені «Жұлдызша» деп атайды.

Мен «Көңілді ұйым» деген ғаламшарданмын, «Ойын» деген әлемнен ұшып келдім.

Жүргізуші: Біздің балалар көптеген ғаламшарлар туралы біледі, бірақ сіздің ғаламшарыңыз жайлы естімеппіз.

Вирус және көмек сұраған сәт

Дәл осы сәтте компьютерлік вирустың әуені естіледі.

Маңызды

Жұлдызшаның кемесінің компьютерлік жүйесіне вирус кіріп, ұшуына кедергі жасаған. Сондықтан ол жерге қонуға мәжбүр болған.

Өзге ғаламшарлық

Естіп тұрсыңдар ма, балалар? Вирус кемемнің жүйесіне еніп алып, ұшуыма кедергі келтірді. Мен осында қонуға мәжбүр болдым. Сендердің көмектерің қажет. Көмектесесіңдер ме?

Балалар

Әрине, көмектесеміз!

Жүргізуші: Құрметті Жұлдызша, біз саған қалай көмектесетінімізді ойланып көрейік. Ал сен әзірше балалардың өнерін тамашала.

Би

«Ча-ча-ча»

Өзге ғаламшарлық

Сендердің әлемдерің өте көңілді екен. Бірақ мен өз үйіме — әке-шешеме оралуым керек. Ал кемемдегі вирус кетер емес...

Тапқырбек және үш диск

Жүргізуші: Мен білемін, бізге кім көмектесе алатынын...

Тапқырбек сахнаға шығады

Тапқырбек: Сәлем, гүлдей балдырғандар! Бақшадан тәлім алдыңдар. Ер жеткен ақылды достарды енді мектеп шақырды.

Мен — ақылды Тапқырбек. Өзім де сендер секілді балабақшада болдым. Мектепке барып, көп ізденіп, Тапқырбек атандым.

Өзге ғаламшарлық

Менің ұшатын кемеме вирус жабысып қалды. Не істерімізді білмей отырмыз. Вирустан құтылмасам, өз еліме орала алмаймын.

Шешім

Тапқырбек: Бұл кемеге вирусты тазалайтын дискілерді орнату керек. Мен үш диск беремін. Әр дисктің ішінде тапсырмалар бар. Егер бүлдіршіндер соларды орындаса, вирустар жойылады.

Сәттілік тілеймін. Қош болыңдар!

Жүргізуші: Рахмет, Тапқырбек! Балалар тапсырмаларды ойдағыдай орындайды деп сенемін.

1-диск: Математика елі және Архимед тапсырмасы

Сахналық сәт

Жүргізуші бірінші дискіні алып, ұшатын кеменің диск орнататын бөліміне қояды. Математика әуені ойналады.

Архимед келеді

Архимед: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен математика елінің ханзадасы Архимедпін. Сендерге тапсырма алып келдім.

(Жүргізушіге конверт ұсынады.) Тапсырманы орындауда сәттілік тілеймін. Сау болыңдар!

Тапсырма

«Сандарды дұрыс орналастыр».

Балалар тапсырманы орындайды — сол сәтте бір вирус жойылады.

Өзге ғаламшарлық

Ура! Бір вирус жойылды!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Бір тапсырманы орындап, бір вирустың жойылуына көмектестіңдер. Енді келесі тапсырмаға көшейік.

2-диск: Буратиномен тілдер сайысы

Сахналық сәт

Жүргізуші екінші дискіні орнатады. Буратинаның әуені орындалады.

Буратино келеді

Буратино: А-а-а, сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мектепке барғалы жатырсыңдар ма?

Балалар: Иә, мектепке барамыз.

Буратино: Жарайсыңдар! Сендер мен секілді көп тіл білесіңдер ме? Мен қазақша, орысша және ағылшынша білемін.

Балалар: Біз де білеміз.

Буратино: Онда бұл тапсырмалар сендерге қиын болмайды. Сәттілік тілеймін, сау болыңдар!

Тапсырма

Екінші вирусты жою үшін қазақша, орысша, ағылшынша үйренген өлең-тақпақтарыңды айтып беріңдер.

Жүргізуші: Ендеше, алдымен қазақ тіліндегі өлең-тақпақтарымызды айтайық. Дайынбыз ба?

Балалар: Иә!

Хор әні

«Біздің балабақша»

Хор әні

«Пусть всегда будет солнце»

Тақпақтар

  • Сен үйреттің сөйлеуді, сенде ойым есейді.
  • Мектепке барам мен енді, балабақшам — қош енді.
  • Ойыншықты жинаймыз, бөбектерге сыйлаймыз.
  • Өнер-білім үйреткен өзіңізді қимаймыз.
  • Мектепке ертең барамыз, оқимыз, саулық құрамыз.
  • Қашық та болмас арамыз, сіздерге келіп тұрамыз.
  • Баулап-баптап өсірдіңіз, балалық етсек — кешіріңіз.
  • Ұмытпаймыз сөзіңізді, ұмытпаймыз өзіңізді.