Амалдардың орындалу реті Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
Амалдардың орындалу реті
Сабақтың мақсаты
- Жақшаның ішіндегі амалдардың орындалу ретін анықтауға арналған есептер шығарту; екі таңбалы сандарды оқуға машықтандыру.
- Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштығын, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және ізденімпаздығын дамыту.
- Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; ақыл-ой белсенділігін арттыру.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Көрнекіліктер
- Сөзжұмбақ
- Тест
- Кубик
- Баян
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Математика сабағына дайындықтарын тексеру.
- Сыныпты 3 топқа бөлу (әр топқа жетекші тағайындау).
II. Өткен сабақты пысықтау
Сөзжұмбақ арқылы еске түсіру
- Ең кіші екі таңбалы сан.
- Барлық қабырғалары тең төртбұрыш.
- Ондықтан құралған сан.
- Бір таңбалы сан.
- Кеміту амалы.
Жолақшадағы сөз: «Жақша».
Ереже: егер өрнекте жақша болса, алдымен жақшаның ішіндегі амалдар орындалады.
Тақтадағы тапсырмалар
Әр топтан 3 оқушы шығып, есептерді шығарады. Топтар бір-бірін тексеріп, дұрыс орындалуын бағалайды.
I
(4 + 2) − 2 =
II
3 + (5 − 3) =
III
10 − (3 + 3) =
III. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Арифметикалық диктант
- 4 пен 3-тің қосындысынан 2-ні азайт.
- 40 пен 30-дың қосындысынан 20-ны азайт.
- 8-ге 7 мен 6-ның айырмасын қос.
- 80-ге 70 пен 60-тың айырмасын қос.
2-тапсырма. Салыстыруға арналған жұмыс
Әр топтан бір оқушы шығып, қоржыннан асық алады. Асықтағы нөмірге сәйкес есеп беріледі. Әр топ өз есебін шығарып, нәтижесін дәлелдейді.
IV. Сергіту сәті
Математикалық қызықты есеп
Қысқа логикалық тапсырма арқылы оқушылардың зейінін сергіту.
3-тапсырма. «Кубизм»
Әр топқа кубик беріледі. Кубиктегі теңдеуді шешеді. Егер «музыка кілті» түссе, ән айтылады.
1
x + 9 = 10
2
10 − x = 1
3
x − 1 = 9
4
Музыка кілті
4-тапсырма. Есеп шығару (топтық жұмыс)
Әр топқа есептің шарты беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып, тақтада орындайды.
I топ
1-ыдыста: 10 қызанақ
2-ыдыста: ?, 4 қызанақ артық
2-ыдыста неше қызанақ?
II топ
1-ыдыста: 10 қызанақ
2-ыдыста: 14 қызанақ
Барлығы неше қызанақ?
III топ
2-ыдыста: 14 қызанақ
1-ыдыста: ?, 4 қызанақ кем
1-ыдыста неше қызанақ?
6-тапсырма. «Кім шапшаң?»
Ойын арқылы орындау: әр толық ондыққа 8-ді қосып, қосындыларын жазу.
V. Сабақты бекіту
Шығармашылық тапсырма және тест
Оқушыларға тест тапсырмалары бар қима қағаздар таратылады.
(6 + 2) + 2
- а) 8
- ә) 10
- б) 4
10 − (3 + 4)
- а) 7
- ә) 6
- б) 3
3 + (8 − 4)
- а) 7
- ә) 4
- б) 11
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.