Ұлтанды асырап алуы
Сабақтың тақырыбы
«Алпамыс батыр» жыры
Сабақтың мақсаты
а) Танымдық мақсат
Батырлар жыры туралы білімді кеңейту, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
ә) Дамытушылық мақсат
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету; ойлау шеберлігін және сөйлеу мәдениетін дамыту.
б) Тәрбиелік/дағдылық мақсат
Білімін бақылау арқылы оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру және т.б.
Көрнекілігі
«Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар және т.б.
Пәнаралық байланыс
Тарих
Сабақтың барысы
а) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
Үйге «Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлеріне мінездеме беру тапсырылған. Тапсырманы тексеру барысында оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
- 1) Қобыланды батырдың ерлігін қандай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
- 2) Жағымды кейіпкерлерге кімді жатқызасыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру
«Алпамыс батыр» жырының мазмұны төмендегі жоспар бойынша түсіндіріледі:
1. Байбөрінің баласыз жүруі.
2. Ұлтанды асырап алуы.
3. Ұлтанның зорлық-зомбылық көрсетуі.
4. Аналықтың зар жылауы.
5. Әулие-әмбиелерден бала сұрауы.
6. Алпамыс пен Қарлығаштың дүниеге келуі.
Кітаппен жұмыс
Кітаптан жырды мәнерлеп, нақышына келтіре оқытылып, мазмұнын қаншалықты түсінгені сұралады.
Екеуара жұмыс
Екі оқушы тақтаға шығарылып, Алпамыс пен Гүлбаршынның диалогын кезектесе оқиды.
Білімді бекіту
Өтілген тақырыпты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
- 1) Неліктен Ұлтанды бала етіп асырап алды?
- 2) Алпамыс қандай кедергілерге ұшырады?
- 3) Кейқуат қандай көмек көрсетті?
Білімді бағалау
Оқушылардың жауаптары мен сабаққа белсенді қатысуына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Алпамыс батыр» жырын оқып, мазмұндап келу.
Қосымша: «Алпамыс батыр» жыры бойынша слайдты жүктеу.