Балалардың жұмысы

Шаттық шеңбері: жылы тілек пен бірліктің торы

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жіпті лақтырып, ізгі тілектерін айтады. Соңында жіптен ортақ тор пайда болады. Торды қайшымен қиып, әр баланың қолында жіптің бір бөлігі қалады — бұл өзара байланыстың, қолдаудың және бірліктің белгісі.

Өзін-өзі таныту сөздері

  • Мен — әдептімін.
  • Мен — сабырлымын.
  • Мен — сұңқармын.
  • Мен — тілалғышпын.
  • Мен — жігерлімін.
  • Мен — арманшылмын.
  • Мен — зерекпін.
  • Мен — тәртіптімін.

Сабақтың барысы: туған өлкені тану

Сенсің — менің өлеңімнің отаны,
Сенсің — менің қиялымның бесігі.
Саған қарап тартам бүгін жол тағы,
Асқар тауым — туған халық, жер, суы.

Жыл мезгілі туралы сұрақтар

  • Қазір қай мезгіл?
  • Қыс мезгілінің айларын атаңдар.
  • Қазір қандай ай?

Айгүлден хат

Астана қаласынан келген сәлемдеме

Хат үлгісі

Сәлематсыздар ма!
Мен сіздерге Астанадан хат жазып отырмын. Есімім — Айгүл. Теледидардан Ақтау қаласы туралы көп хабар естимін. Маңғыстау өлкесі мен Ақтау қаласы туралы көбірек білгім келеді. Сұрақтарыма жауап берсеңіздер екен.
Сәлеммен, Айгүл.

Тәрбиешінің жетекші сұрақтары

  • Біз қай өлкеде тұрамыз?
  • Қаламыздың аты қалай аталады?

Айгүлдің тапсырмалары: зерттеу, жауап, дәлел

1-тапсырма: Ақтаудағы көрнекі орындар мен мұражайлар

Балалар Ақтау қаласындағы көрнекі орындар мен мұражайларды атап, өз жауаптарын ұсынады.

Маңғыстау — аспан астындағы ашық мұражай

Маңғыстау өлкесінің әрбір бедері, тауы мен тасы — аңыз бен ақиқатқа толы. Әр ескерткіш ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. Өлкенің мәдени мұрасының бір бөлігі — сәулет ескерткіштері. Олардың бүгінге дейін сақталуының себебі: құрылыста ғұмыры мыңжылдыққа жететін тау тастарының пайдаланылуы.

Бұл ескерткіштерде әртүрлі геометриялық пішіндер мен қазақтың ою-өрнектері қолданылған. Сәулет мұралары арқылы сол дәуірде өмір сүрген адамдардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тұрмысы және дүниетанымы байқалады. Маңғыстаудың сәулет ескерткіштері — тарихи-мәдени мұра, мемлекет қорғауында.

Әңгіме бойынша сұрақтар

  • Қандай құрылыс материалдары пайдаланылған?
  • Қандай геометриялық пішіндер қолданылған?
  • Қандай ою-өрнектер пайдаланылған?
  • Ескі және жаңа ескерткіштердің айырмашылықтары қандай?

2-тапсырма: Маңғыстаудағы өндіріс орындары

Карточкалармен жұмыс: балалар өңірдегі өндіріс орындарын атап, сәйкес ақпаратты табады.

3-тапсырма: өңірді мекендейтін құстар

Карточкалармен жұмыс: балалар Маңғыстау табиғатында кездесетін құстарды ажыратып, атайды.

Психологиялық ойын-жаттығу: «Толқын»

Балалар шеңбер жасап отырады. Психолог жаз мезгілінде теңізге түскен сәтті елестетуді ұсынады: теңізде шомылу қандай жақсы, толқындар жаймен сипап, сергітеді. Толқындар көңілді әрі мейірімді, бір-біріне ұқсас. Балалар орнынан тұрып, бір-біріне күліп, қол қимылымен толқынды бейнелейді.

Жаттығудан кейін психолог балаларға кезекпен «теңізге шомылуды» ұсынады: бір бала ортада тұрады, ал «толқындар» бір-бірден жүгіріп келіп, жаймен сипап, бірдей қимыл жасайды.

4-тапсырма: блиц сұрақтар

Көз, құлақ не үшін керек?
Қыстың күні орманда нені кездестірмейсің?
Кемпірқосақ неше түсті?
Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралады?
Қардың қандай түрлері бар? (ақша қар, ұлпа қар, омбы қар, сонар қар)
Шөлге шыдамды жануар?
Сумен жүретін көлік?
Сен ата-әжеңе кім боласың?
Анасының бесіктегі балаға айтатын өлеңі қалай аталады? («әлди-әлди»)
Бірінші күнді көрген жануар?
Қазір қандай жыл?
Бақта не өседі?
«Еңбек етсең ерінбей…» (мақалды жалғастыр)
Қой маңырайды, жылқы …; шошқа қорсылдайды, сиыр …
Шыршаның инесі қандай? (жасыл)
Киім тігетін ине қандай? (үшкір)
Қазақстанның ақшасы қалай аталады?
Адамның бір дене мүшесін ата.
Қасық, шанышқы, қазан, тостаған, құмыра — бұлар нелер?
Спорттық ойындарды ата.
Айгүлдің тез жазылуы үшін дәрігер не жазып берді? (рецепт)

Шығармашылық бөлім: Айгүлге сыйлық

Тәрбиеші балаларға әртүрлі тастардан Айгүлге арнап сыйлық жасауды ұсынады. Балалар өз жұмыстарын орындайды, ал тәрбиеші еңбектеріне баға береді: топ балалары шебер әрі өнерпаз.

Би: «Маңғыстау маржандары»

Қыздардың орындауында мерекелік би ұсынылады.

Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім — бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды — бәрі осыдан басталған.
Мынау менің оң қолым.
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі бастаған.

Қорытынды: не үйрендік?

  • Бүгінгі сабақта не туралы сөйлестік?
  • Кімнен хат алдық?
  • Айгүл қай қалада тұрады?
  • Айгүлге біз қандай сыйлық жасадық?

Отан дейміз — от жаққан жерімізді,
Отан дейміз — өсірген елімізді.
Отан дейміз — туған жер, атамекен,
Отан дейміз — кең байтақ елімізді.