Энергия
Сабақ тақырыбы: Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиясы
Бұл сабақта энергия ұғымы физикалық шама ретінде қарастырылады, энергияның сақталу идеясына кіріспе жасалады және жұмыс пен энергия арасындағы байланыс нақты формулалар арқылы бекітіледі.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ типі
Жаңа материалды меңгерту
Әдістер
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, физикалық диктант, тест, есеп шығару
Көрнекіліктер
Интербелсенді тақта, слайдтар, электрондық оқулық, презентация материалдары
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Энергия ұғымын физикалық шама ретінде түсіндіру.
- Потенциалдық және кинетикалық энергияларды, олардың өлшем бірліктерін меңгерту.
- Жұмыс пен энергия арасындағы байланысты көрсету, формулаларды түрлендіріп есепте қолдануға үйрету.
Дамытушылық
- Есте сақтау қабілетін дамыту.
- Теориялық білімді және физикалық тілді жетілдіру.
- Логикалық ойлау және талдау дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік
- Адалдыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.
- Ұқыптылыққа және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Математика, информатика
Сабақ барысы
-
I кезең
Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
-
II кезең
Үй тапсырмасын тексеру
Физикалық диктант
- Күш әсерінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс жұмыс деп аталады.
- Істелген жұмыстың формуласы: A = F·s.
- Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.
- Қуаттың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі: ватт (Вт).
- Қуатты табу формуласы: P = A/t.
Тест тапсырмалары
-
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қай шамаға тәуелді емес?
- A.Сұйық тығыздығына
- Б.Сұйық көлеміне
- В.Сұйық бағанының биіктігіне
-
Жер бетінен жоғарылаған сайын атмосфералық қысым қалай өзгереді?
- A.Артады
- Б.Өзгермейді
- В.Кемиді
- Г.Әуелі артады, содан кейін кемиді
-
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?
- A.Барограф
- Б.Барометр
- В.Гигрометр
- Г.Спидометр
-
«Атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ. тең» деген сөз нені білдіреді?
- A.Атмосфера биіктігі 760 мм-ге тең
- Б.Атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанындағы қысымға тең
- В.Атмосфералық қысым мм сын.бағ. бірлігінен 760 есе артық
-
Сутегі толтырылған ауа шары жоғары көтерілгенде оның көлемі қалай өзгереді?
- A.Ұлғаяды
- Б.Кішірейеді
- В.Өзгермейді
- Г.Әуелі ұлғаяды, кейін кішірейеді
-
Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?
- A.Альтиметр
- Б.Динамометр
- В.Барометр
- Г.Манометр
-
Гидравликалық машинадағы сұйықтың кез келген нүктесіндегі қысым...
- A.Барлық нүктелерінде бірдей
- Б.Үлкен қақпақты ыдыста көп
- В.Кіші қақпақты ыдыста көп
- Г.Әр нүктесінде әр түрлі
-
Сұйықтағы кері итеруші күш...
- A.Сұйыққа батырылған дене көлеміндей сұйықтың салмағына тең
- Б.Сұйыққа батырылған дене көлеміндей дененің салмағына тең
- В.Дене көлеміне тәуелді емес
-
Архимед күшінің формуласын көрсетіңдер.
- A.FA = gρV
- Б.FA = mg
- В.FA = pS
- Г.FA = gρhS
-
Дене сұйыққа батып кетуі үшін қандай шарт орындалуы керек?
- A.FA = P
- Б.FA > P
- В.FA < P
-
III кезең
Жаңа сабақты түсіндіру
Сығылған серіппе кері тебілген кезде денелер қозғалысқа келіп, жұмыс атқарады. Демек, сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілеті бар.
Қозғалыстағы дененің атқаратын жұмысы оның массасына және жылдамдығына тәуелді. Дененің жұмыс істеу қабілетін сипаттайтын физикалық шама энергия деп аталады.
Энергияның өлшем бірлігі
SI жүйесінде энергия бірлігі: 1 Дж (джоуль), мұнда 1 Дж = 1 Вт·с.
Тұрмыста жиі қолданылатын бірлік: 1 кВт·сағ = 3 600 000 Дж.
Потенциалдық энергия
Денелердің өзара орналасуына байланысты анықталатын энергия. Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы оның массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.
Негізгі тәуелділіктер
m, h
Кинетикалық энергия
Денелердің қозғалысы салдарынан пайда болатын энергия. Кинетикалық энергия дененің массасына және жылдамдығына тәуелді өзгереді.
Негізгі тәуелділіктер
m, v
Негізгі қорытынды
Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең.
-
IV кезең
Сабақты қорытындылау: есептер шығару
- Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясын табыңдар.
- Массасы 80 кг, жылдамдығы 5 м/с велосипедшінің кинетикалық энергиясын есептеңдер.
- Насос әр минут сайын 10 л суды 2,1 м биіктікке көтереді. Осы жұмысты атқару үшін қандай қуат қажет?
- Ат арбаға 400 Н күш түсіріп, оны 0,8 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартады. 1 сағатта атқарылған жұмысты табыңдар.
-
V кезең
Білімді бағалау
Оқушылардың жауаптары мен есеп шығару барысындағы дәлдігіне қарай бағаланады.
-
VI кезең
Үй тапсырмасы
§ 53 оқу.
39-жаттығу: № 1, 2, 3 есептерін шығару.
Автор туралы мәлімет
Мекеме: ОҚО, Шымкент қаласы, Б. Өтеп атындағы Өнер мамандандырылған мектеп-интернаты КММ
Автор: Жаркинбекова Багира Советовна