Астана - сұлу қала Астана дегеніміз - Астана

Астана — сұлу қала

Астана дегеніміз — Астана. Қазақша да, орысша да, ағылшынша да бұл атау әдемі естіледі: қысқа да нұсқа, әуезді. Бұл сөздің өзінде батылдық, мығымдық және айқындық рең бар.

«Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық рең бар», — деп жазды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

(13.12.2012 ж., «Ақтөбе» газеті)

Қазір «Астана» атауы құлаққа әбден сіңгені сонша, қала көп жылдан бері дәл осылай аталып келе жатқандай әсер қалдырады.

EXPO-2017 кезіндегі сапар

Халықаралық EXPO-2017 қарсаңында Астана қаласын тамашалау үшін отбасымызбен арнайы бардық. Сапардан алған әсерім ерекше болды: біз қалада бес күн болдық.

Көзбен көрген көрініс

Көрмемен бірге Астананың ең көрікті жерлерін аралап, өз көзіммен көріп тамашаладым. Гүлзарлар, биік зәулім ғимараттар, әсем үйлер, көпірлер мен ескерткіштердің бәрі де ерекше әсер қалдырды.

Бұрын тек баспасөзден оқып, теледидардан көргенімді, сол жылы алғаш рет өз көзіммен көріп, куә болдым.

Арман мен тілек

Астана маған қатты ұнады. Болашақта осы қалада білімімді жалғастырғым келеді. Астана, гүлдене бер, көркейе бер!

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы

Қ. Жазықов атындағы орта мектеп, 4-сынып оқушысы

Түгелбаева Дилназ Ерханқызы

Жетекшісі

Кулманова Злиха Санаковна