Сүйікті мультфильмінің мазмұнын қысқаша жазу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
У дыбысының дауысты болып айтылуы.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі
Түсіндіру.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта (слайдтар).
Мақсаты
У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру.
Білімділік
У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдауға үйрету.
Тәрбиелік және дамытушылық
Сауаттылықты арттыру, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
- «Шаттық шеңбері».
II. Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу: сүйікті мультфильмнің мазмұнын қысқаша жазу.
III. Өткен сабақты бекіту
Ауызекі тіл
Адамдардың бір-бірін көріп, естіп, өзара қарым-қатынас жасап әңгімелесуі.
Жазбаша тіл
Хабарды жазу арқылы жеткізу.
IV. Мағынаны тану
А) Жұмбақ
Уықта бар,
Жайықта жоқ.
Суықта бар,
Қайықта жоқ.
Жауабы: «у» дыбысы.
Ә) Есте сақта!
Ереже: дауыссыз дыбыстан кейін және сөз басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады.
Мысалдар: жусан, сусын, умаждау.
Дәптермен, тақтамен және кітаппен жұмыс
1-жаттығу (сөздер)
- санау
- тану
- болу
- сауатты
- білу
«Бес жол өлең»
- 1. У
- 2. дауысты, дауыссыз
- 3. айтылады, естіледі, жазылады
- 4. У дыбысы дауысты дыбыс болады.
- 5. әріп
2-жаттығу (тасымалдау үлгілері)
- қу, ау-лау-дан
- іс-теу
- қу-лық
- қу-а-на-ды
- би-леу-ге
- кеу-де-сі-не
Семантикалық карта
| Сөздер | У — дауысты | У — дауыссыз |
|---|---|---|
| Сусын | + | — |
| Уыстау | — | + |
| Қауын | — | + |
| Ауыз | — | + |
| Умаждау | + | — |
| Жусан | + | — |
3-жаттығу (буынға бөлу)
V. Ой толғаныс
«Адасқан әріптер» ойыны
Берілген сөздер: сусын, оқтау, қалу, тану, білу.
Сұрақтар
- У дыбысы қай кезде дауысты болады?
- Мысал келтір.
VI. Үй тапсырмасы
- Ережені жаттау.
- У әрпі бар сөздер жазу.
VII. Бағалау және мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттау.