Оқылым тапсырмасы
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Текеева Жанша Тажибаевна
Сабақ тақырыбы
Қазіргі әлемдегі жасөспірім
Оқыту мақсаттары
-
О1. Белгілі бір көзқарасты дәлелдеу үшін мәтіннен негізгі қорытындыларды табады.
-
О5. Сөйлемдердің стильдік қызметін және қолданылатын орындарын ажыратады, өзіндік қорытынды жасайды.
-
О4. Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдеп, қорытынды шығарады және шешім қабылдайды.
Негізгі оқу әрекеттері
- Мәтінді түсініп оқу және ондағы көзқарасты дәлелдей алу.
- Мәтін негізінде дәлелді қорытынды жасап, нақты шешім айту.
- Сөйлемдердің стильдік қызметін және қолданылуын ажырату.
Сабақ мақсаттары және критерийлер
Барлық оқушылар
- Мәтінді түсініп оқиды.
- Ойды қорытындылап жеткізеді.
Оқушылардың көпшілігі
- Сөйлемдердің стильдік қызметін ажыратады.
- Оқылған мәтіннен қорытынды шығарады.
Жетістік критерийлері
Мәтіннен ақпарат табу, стильдік ерекшелікті тану және грамматикалық нормаларды дұрыс қолдану.
Кіріктірілген пәндер
Өзін-өзі тану, география, биология
Тілдік міндеттер
Ақпарат табу, стильдік ерекшелікті тану, грамматикалық норманы игеру
Алдыңғы білім
«Қазба байлықтар» тақырыбы бойынша мақсатты тапсырмалар орындаған; тақырыпты әр қырынан баяндау, зерттеу, комментарий беру және қарапайым мәтін жазу дағдылары қалыптасқан.
Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық ахуалды реттеу.
- Жедел ойлану: «1 минутта не істей аласың? 1 минут сен үшін қаншалықты маңызды?»
Қызығушылықты ояту
- Бейнебаянды көру.
-
Талқылау сұрақтары:
- Бейнеролик не туралы?
- Нені байқадыңыз?
- «Талқыла – Ой бөліс – Пікір білдір» форматы.
- Бағалау: жұлдызшалар және смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау.
Сергіту және топқа бөлу
- Сергіту сәті: «Ыстық алақан».
-
Топтар:
- Денсаулық тобы: «Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?»
- Жасөспірім тобы: «Әлемдегі ең ұзын жасөспірім»
- Жастар тобы: «Басты назарда – жастар денсаулығы»
- Гигиена тобы: «Жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру»
Ойын элементі
«Домино» ойыны арқылы денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді құрастыру және талқылау.
Оқылым тапсырмасы (топтық жұмыс)
- 4 топқа 4 түрлі мәтін таратылады.
- Оқушылар мәтінмен мұқият танысады.
- Оқылым стратегиясы бойынша бірнеше тапсырма орындалады.
- Уақыт: 10 минут.
- Тапсырмаға сәйкес жетістік критерийлері құрастырылады.
Оқылым бойынша жетістік критерийлері
Төмендегі критерийлер орындалса, оқушы оқу мақсатына жетеді:
- Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды анықтайды.
- Мәтіннің стилін ажыратады.
- Мәтіннен маңызды ақпаратты табады және оны өз ойын дәлелдеуде орынды қолданады.
- Грамматикалық нормаларды сақтайды.
- Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарасты дәлелдеп, өз ұстанымын қорытындылап, шешім шығарады.
Мәтінмен жұмыс: «Әлемдегі ең ұзын жасөспірім»
Оқылым мәтіні
Түркия елінде тұратын 17 жастағы Румеиса Гелги әлемдегі ең ұзын жасөспірім ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның бойы 2 метр 13 сантиметр, ал аяғының өлшемі — 47 сантиметр. Румеисаның ата-анасы оған аяқ киімді арнайы тапсырыспен Америкадан алдыртады.
Румеиса Гелги ата-анасымен және аға-әпкелерімен бірге Сафранболу қаласында тұрады. Жасөспірім өте сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан. Мамандар оған Уивер синдромы деген диагноз қойды: бұл синдром кезінде адамның бойы тым тез өседі.
Қазір Румеиса 11-сыныпта оқиды. Ол өзіне таңырқап қарайтын адамдарға еш өкпелемейтінін айтады: «Өзгелерден ерекше болу — өте қызық. Бойым ұзын болғандықтан, ең биік жерде тұрған заттарды оңай аламын. Мысалы, биік сөредегі қажетті затты алу үшін қиналмаймын», — дейді жас жеткіншек.
Дәрігерлердің айтуынша, Румеисаның бойы енді өспейді. Сондықтан ол әлемдегі ең ұзын бойлы адам саналатын Султан Көсеннен асып түсе алмайды. Айта кетейік, Султан Көсен де Түркия азаматы, Румеисаның жерлесі. Оның бойы — 2 метр 51 сантиметр.
Бұған дейін канадалық Анна Хейнинг Свон әлемдегі ең ұзын әйел болып саналатын. Оның бойы 2 метр 41 сантиметр болған. Ал тарихтағы ең ұзын адам — америкалық Роберт Уодлоу: 1940 жылы оның бойы 2 метр 72 сантиметрге жеткен.
Гиннестің рекордтар кітабына енген бұл жасөспірім ең ұзын адамдар қатарына қосылды.
Рефлексия: «Байшынар»
Оқушылар жапырақ пішіндес стикерге бүгінгі сабақ туралы пікірін және ұсынысын жазады. Содан кейін тақтада ілінген «Байшынар» ағашының суретіне жапсырады.
Нәтиже
Сабақ соңында оқушы мәтіннен дәлел келтіріп, стильдік ерекшелікті танып, жеке көзқарасын қорытындылай алады.