Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айту

Сан есімді қайталау

Бұл сабақ жоспары оқушылардың сан есім туралы білімін жүйелеп, сөйлем ішінде сан есімді тез табу, сұрақ қою арқылы ажырату және дұрыс қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақта сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық және шығармашылық жұмыстар қатар қамтылады.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиеттік оқу.

Көрнекіліктер

Өтепберген Ақыпбековтің портреті, ребус, сөз таптарының атауы жазылған қима қағаздар, смайликтер, слайдтар және т.б.

Мақсат пен күтілетін нәтиже

1) Білімділік

  • Сан есімнің сөз табы ретіндегі грамматикалық ерекшелігін түсіндіру.
  • Сөйлемдегі сөздермен байланысын және қатысын анықтауға үйрету.
  • Сұрақ қою арқылы сөйлем ішіндегі сан есімдерді жылдам табу және ажырату дағдысын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Танымдық тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, сауатты әрі таза жазуға, адамгершілікке және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Психологиялық кезең және ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Оқу құралдарын түгендеу.

Басымызды иеміз,
Сәттілік тілейміз.
Бірімізге-біріміз
Көмектесіп жүреміз.
Қадірменді қонақты
Құрметпен қарсы аламыз.
Сыйлап өткен ұстазды
Тәрбиелі боламыз.

II. Қызығушылықты ояту: топқа бөлу

Оқушылар сөз таптарына байланысты 4 топқа бөлінеді:

1-топ: Зат есім

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

2-топ: Сын есім

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?

3-топ: Етістік

  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

4-топ: Сан есім

  • Сан есім дегеніміз не?
  • Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?

III. Үй тапсырмасын тексеру

201-бет, 7-жаттығу. Тірек сызбаны пайдаланып, «сан есім» тақырыбын пысықтау.

IV. Мағынаны тану

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту жаттығулары орындалады.

Ребус шешу

Ребустың шешуінен шыққан мақалдың мағынасын талдау. Көркем жазу ретінде мақал жаздырылады:

«Елу жылда ел жаңа.»

V. Жаңа сабақ

Тақырып: сан есімді қайталау. Мұғалім сабақтың мақсатын түсіндіріп, күтілетін нәтижелермен таныстырады.

VI. Оқулықпен жұмыс

9-жаттығу (дәптермен жұмыс)

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Сан есімдерді байланысқан сөзімен бірге теріп жазу.

Өлең авторы туралы қысқаша мәлімет

Өтепберген Ақыпбекұлы (1950–2007) — ақын. Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы), Қапал ауданы, Қызылағаш ауылында туған.

10-жаттығу (топтық жұмыс)

1-топ

Жұмбақтарды оқып, шешуін табу.

2-топ

Жұмбақ ішінен сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қою.

3-топ

Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.

4-топ

«Бес» және «бесеуі» сөздерін салыстырып, мағына айырмасын түсіндіру.

11-жаттығу (дәптермен жұмыс)

  • Сөйлемдерді көшіріп жазу.
  • Сан есімнің байланысқан сөзін сызбамен көрсету.
  • Байланысқан сөздің қай сөз табына жататынын айту.

Бейнежазба арқылы сергіту

Оқушылар бейнежазбаны қарап, әуенмен қимыл-қозғалыс жасап сергіп алады.

Тақырып: «Жұмыр қылыш»

13-жаттығу (көп нүктенің орнына сан есім қою)

1-топ

Көз — ...

2-топ

Ауыз — ...

3-топ

Қозы — ...

4-топ

Қой — ...

Талқылау сұрақтары

  • Сан есім сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
  • Сөйлемдегі сөздердің арасына неліктен сызықша қойылады?
  • Мұндай сөйлемдерді қалай оқимыз?

VII. Шығармашылық тапсырмалар

1-топ

Ішінде сан есімдер бар мақал-мәтелдер жазу.

2-топ

Сан есімдерді кірістіріп, өз қалаған тақырыпқа шағын мәтін жазу.

3-топ

Ішінде сан есім бар жұмбақтар құрастыру.

4-топ

Сан есімді кірістіріп, бір шумақ өлең құрастыру.

VIII. «Кім тапқыр?» ойыны

Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, ауызша айту:

  1. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
  2. ... теңгең болғанша, ... досың болсын.
  3. Білекті ... жығады, білімді ... жығады.
  4. ... кісінің түсін білгенше, ... кісінің атын біл.

IX. Ой толғаныс және қорытынды

Жаңа сабақ қорытындыланып, білім деңгейі қысқа тест арқылы тексеріледі («Иә» / «Жоқ»).

Тест (Иә / Жоқ)

  1. Сан есім заттың санын білдіреді.
  2. «Үшінші» — есептік сан есім.
  3. Күрделі сан есім бөлек жазылады.
  4. Дара сан есім бір ғана сөзден жасалады.
  5. Сан есім зат есіммен байланысады.
  6. Сан есімдерге «не істеді? не қылды? қайтті?» деген сұрақтар қойылады.
  7. Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден жасалады.

X. Үй тапсырмасы

203-бет, 14-жаттығу. «Сан есім» тақырыбын қайталап, ережелерді еске түсіру.

XI. Бағалау және кері байланыс

  • Бағалау: смайликтер арқылы.
  • Кері байланыс: «Не үйрендім?», «Не білдім?» сұрақтары бойынша.

Мұғалім: Ағысбаева Г.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}