Бақ қарасын, Қыдыр дарысын

Бекентайдың батасы
Әуелі Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Ғайып Ерен Қырық шілтен
Қолдаушың боп қорғасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Бақыт берсін басыңа,
Береке берсін асыңа,
Келмесін дүшпан қасыңа.
Бата беруші біздерден болсын,
Қабылдаушы Құдайдан болсын.
Ішкенің адал болсын,
Айтқаның әділ болсын.
Таразылы, берекелі бол,
Ақ жүзді кеңпейіл бол.
Қаз дауысты Қазыбек,
Қара балуан Жәнібек,
Адассаң жолға сала жүрсін,
Пәле - жаладан қаға жүрсін.
Түркебай атам аруағы қолдасын,
Баталы ата торласын.
Дастарқанға бал төксін,
Қызыл ала нар шөксін.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Берген батам қабыл боп,
Жарылқасын Құдайым.
Аллауакбар!



Ұқсас жұмыстар

Ақ тілеудің белгісі – бата
Бата сөзінің зерттелуі
Бата, тілек, алғысқа байланысты айтылатын фраземалар және олардың мағыналық – тұлғалық ерекшеліктері
Наурыз мейрамы көптеген ғасырлар бойы халыңтың сүйіп мерекелейтін дәстүрлі мейрамдарының бірі
Наурыз мерекесі
Наурыз мерекеcі
Буынаяқтылардың классификациясы
Халық айтса -анық айтады
НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
Кие қандай атау
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
Дәстүрден тыс сабақ өту әдісі
БАКЛАЖАН
Бақылау жұмысына дайындық
ҚҰМЫРА САБАҚ
ЖӘНДІКТЕР ЖОЛАМАЙТЫН КИЕЛІ САБАҚ
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары
Алдыңғы қатарлы мемлекеттердегі қаржылық бақылаудың ұйымдастырылуы.
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері
Әубәкіров Тоқтар