Айгүл - Сәуленің қызы

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №31 Ақтасты бастауыш мектебі

Мұғалім: Саулембаева Салтанат Жандарқызы

Пән

Математика (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Логикалық есептер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • Түсіндіру

Көрнекі құралдар

Қима қағаздар

Сабақтың мақсаттары

1) Оқыту мақсаты

Оқушыларды логикалық есептерді шығаруға үйрету және өрнектердің мәнін табу дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық мақсаты

Ой-өрісін дамыту, есептеу қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру және шығармашылық қабілетін жетілдіру.

3) Тәрбиелік мақсаты

Білімділікке және адамгершілікке тәрбиелеу, жауапкершілік пен ынтымақтастықты қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқушылар құрастырған теңдеулерді тексеру.

II. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Төмендегі тапсырмалар арқылы логикалық ойлау, талдау және қорытынды жасау дағдылары бекітіледі.

Логикалық есептер жинағы

Тапсырмалар оқушының пайымдауын күшейтіп, байланыстарды табу, теңдеу құру және жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

1-есеп. Туыстық қатынасты анықта

Талдау

Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат — туыстар. Алтай — Айгүлдің ағасы. Айгүл — Сәуленің қызы. Сәуле — Бекзаттың әпкесі. Бекзат Алтайға кім болады?

Жауабы: Бекзат Алтайға нағашы болады.

2-есеп. Жас туралы теңдеу

Теңдеу құру

Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін?

Белгілеу

x — сенің жасың

Теңдеу

(3x) − x = 20

Шешуі: x = 10, демек менің жасым 3x = 30.

Жауабы: мен 30 жастамын.

3-есеп. Цифрлардан сандар құрастыр

Логика

Нөлден басқа өзара әртүрлі үш цифр таңда. Осы цифрлардан өзара әртүрлі үш таңбалы алты сан құрастыр. Барлық сандардың қосындысын тап та, шыққан қосындыны алынған цифрлардың қосындысына бөл. Нәтижесінде 222 шығуы керек.

Нұсқау: үш цифрдың әрқайсысы жүздік, ондық және бірлік разрядтарында бірдей ретпен кездеседі, сондықтан қосынды құрылымы заңдылыққа бағынады.

4-есеп. Тосап түрін анықта

Сәйкестендіру

Аяулым, Тамара, Шара және Айгүл тосап қайнатты. Екі қыз тосапты қарақаттан, ал қалған екеуі шиеден қайнатты. Тамара мен Айгүл әртүрлі жидектен тосап қайнатты. Айгүл мен Аяулым да әртүрлі жидектен тосап қайнатты. Айгүл тосапты шиеден қайнатты. Әрқайсысы қандай тосап қайнатты?

Талдауға арналған бос орын

Шарттарды кесте арқылы белгілеп, мүмкін емес нұсқаларды сызып таста.

Аяулым

Қарақат / Шие

Тамара

Қарақат / Шие

Шара

Қарақат / Шие

Айгүл

Шие (берілген)