Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілдіҚазақстанда 2016 - 2017 оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews
Қазақстанда 2016–2017 оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді
Қазақстанда 2016–2017 оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.
Оқу жылының басталуы: маңызды іс-шаралар
1 қыркүйек күні Қазақстанның Тәуелсіздігіне және ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтеді.
Сондай-ақ, оқу жылының алғашқы күні барлық мектепте патриоттық «Мәңгілік ел» актісі аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» сабағы өткізіледі.
Оқу жылының ұзақтығы
Мектепке дейінгі мекемелер
32
апта
1-сынып
33
апта
2–11 (12) сыныптар
34
апта
1–11 (12) сынып оқушыларының демалыс кестесі
Күзгі демалыс
7 күн — 2016 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаны қоса есептегенде.
Қысқы демалыс
10 күн — 2016 жылғы 30 желтоқсаннан 2017 жылғы 8 қаңтарға дейін.
Көктемгі демалыс
13 күн — 21 наурыздан 2017 жылғы 2 сәуірге дейін.
Мектепке дейінгі мекемелердегі демалыс кестесі
Күзгі демалыс
7 күн — 2016 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаны қоса есептегенде.
Қысқы демалыс
14 күн — 2016 жылғы 26 желтоқсаннан 2017 жылғы 8 қаңтарға дейін.
Көктемгі демалыс
15 күн — 2017 жылғы 21 наурыздан 4 сәуірді қоса есептегенде.