Біріккен сөз ұғымын түсіндіру
Сабақ тақырыбы
Біріккен сөз
Сабақ мақсаты
Білімдік
- Оқушыларға біріккен сөз туралы ұғым қалыптастыру.
- Біріккен сөздерді танытып, дұрыс әрі қатесіз жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Білімге қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Топпен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
- Тіл байлығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Сауатты, көркем жазуға баулу.
- Ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Психологиялық дайындық: «Мен қандаймын?»
Әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпіне сәйкес сын есім айтып таныстырады: Адина — ақылды, Ермек — ерекше, т.б.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы талданып, қателер түзетіледі.
3) Жаңа сабақ
Суретті диктант
«Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Соны дәптерлеріңе әдемі, көркем етіп жазыңдар».
Осы сөздер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады: Біріккен сөз.
1-қадам
Біріккен сөз ұғымын түсіндіру, ережесін бірлесіп шығару.
2-қадам
Тақтадағы сөздерді оқып, біріккен сөз екенін дәлелдеу.
3-қадам
Оқулықпен жұмыс арқылы білімді бекіту.
Тақтамен жұмыс: үлгі сөздер
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу (ауызша)
Сөздерді оқыңдар. Олар қалай жасалған? Әр сөз неше түбірден құралғанын анықтаңдар.
2-жаттығу (жазбаша)
Берілген сөздерді мағыналарына қарай топтап жазыңдар.
Кісі аттары
- Орынбасар
- Жұмабай
- Айгүл
Аң-құс атаулары
- Егеуқұйрық
- Аққу
- Бірқазан
Ойын атаулары
- Ақсүйек
- Алтыбақан
Дене мүшелері
- Ұлтабар
- Асқазан
- Сегізкөз
Қосымша тапсырма
«Екібастұз» сөзінің құрамын талдаңдар: неше түбірдің бірігуі арқылы жасалған?