Ауыз әдебиетінің үлгілерін ата

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халық ауыз әдебиеті

Мақсаты және күтілетін нәтиже

  • Тақырыптың маңыздылығын түсінеді және мазмұнын саналы оқуға дағдыланады.
  • Ойын анық жеткізіп, пікірін дәлелді түрде ұсынуға үйренеді.
  • Тапсырмаларды дұрыс құрастырып, ойды тиянақтап қорытынды жасауға машықтанады.

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал (психологиялық дайындық)

«Жүректен – жүрекке» шеңбері: Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те — әрқайсысы өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де дәл осындай ғажап!

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Оқушыларға геометриялық фигуралар үлестіріледі. Әр оқушы таңдаған фигурасына сәйкес топқа бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Бүгінгі сабағымызды көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан халық ауыз әдебиеті тақырыбына арнаймыз. Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы, сөз маржандарына бай рухани қазына.

Нені бейнелейді?

Ғасырлар бойы бастан кешкен тарихи белестерді, тәуелсіздік жолындағы ерлік пен батырлықты, халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, арман-мүдде мен қиялды, жастардың кіршіксіз пәк махаббатын сөз өнерімен кестелейді.

Қандай түрлері бар?

Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер, батырлық дастандар мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер және басқа да жанрлар.

Ауыз әдебиетін оқып-үйрену арқылы әдебиеттің көркемдік әлеміне тереңірек еніп, асыл сөз өрнектерінен сусындайсыңдар, рухани жан дүниелерің байи түседі. Ауыз әдебиетінен нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болмаған: ол — таланттың құнарлы топырағы.

Бұл мұраны халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері ықылым заманнан бері сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Тақырыпқа арналған таныстырылымды тамашалау.

Шығармашылық тапсырмалар (топтық жұмыс)

1-топ

Сөзжұмбақ құрастыру

2-топ

Ребус құрастыру

3-топ

Тест құрастыру

Сергіту сәті

«Халықтар биі»

Жаңа сабақ (тәжірибелік бөлім)

  • Тақырыпқа сай дайындалған ресурстарды пайдаланып, постер жасау.
  • Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
  • Мәтінмен жұмыс, сөздік жұмысы, дәптермен жұмыс.

Ой толғаныс (сұрақтар)

  1. Фольклор дегеніміз не?
  2. Ауыз әдебиетінің үлгілерін ата.
  3. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің айырмашылығын ата.
  4. Тұрмыс-салт жырларының түрлерін ата.
  5. «Жар-жар» жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
  6. Төрт түлік туралы қандай жырларды білесіңдер?
  7. «Көкжендет» қай жыр түріне жатады?
  8. Бесік жыры қандай жырға жатады?
  9. Тойбастар қандай жыр?
  10. Үйлену салтына байланысты қандай жыр түрлерін білесіңдер?

БББ кестесі

Білем Білдім Білгім келеді

Үй тапсырмасы

«Ауыз әдебиеті және оның түрлері» тақырыбын оқып келу. Тапсырма күнделікке жазылады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Оқушылар смайликтерді өздері қалаған нұсқаға жабыстырып, сабақтан алған әсерін білдіреді.