Дейді қыз

Ақұштап Бақтыгереева

Айнам қалды
Өтеді - ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сұлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Ақбикеш ұзатылып барады енді.
Мал берген сүймесе де ала келді.
Алғашқы алау сезім жанған жүрек
Бір кеште шерменде боп қала берді.
Сезімтал еткен тағдыр өнерліні,
Күйші Есжан тойға келді келер күні.
Сол еді - ау қалағаны Ақбикештің
Жігіттің бақ байлады кедейлігі.
Той өтпек Нарын құмның етегінде,
Қыз кетпек мал бергеннің жетегінде.
Ақбикеш сұратып ап домбырасын
Күй тартты әке үйінен кетерінде.
Жаңа күй тартты сұлу, ойланбады,
Барша жұрт мұңлы әуенге қайран қалды.
Шанағы домбыраның күңіреніп
Дегенді қайталады айнам қалды .
Дейді қыз: Айнам қалды, армандамын,
Жүректің кім түсінсін зарланғанын .
Сол кезде күйді Есжан қайталады
Көңілі екеуінің болған мәлім.
Құдалар мынау жайға секемденді.
Күйшімен қыз көңілдес екен деді.
Есжанға қамшы ойнатты осы сәтте
Күйеудің дөрекілеу нөкерлері.
Есжанды соқты топас тобыр келіп,
Қыз талды. Күйеу, құда отыр көріп.
Той тарқап, қызды дереу аттандырды,
Ал, Есжан қалды мәңгі соқыр болып.
Өтеді - ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сұлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.



Ұқсас жұмыстар

Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Жиренше шешен
Үш жұрт
Қыз бала тәрбиесі
Ертегілер
Шешендік сөздер мағынасы
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
Көкшетау поэмасы
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясаты ЖШС «Adramit Akros» мысалында
ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ САРА
Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту