Курс міндеттері
10-сынып қолданбалы курсының түсінік хаты
Жоғары сынып оқушыларын таңдау сабақтарымен қамтамасыз ету мақсатында «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» қолданбалы курсы әзірленді. Ұсынылып отырған курс оқушылардың кәсіби бағдарлану және дайындық міндеттерін жүзеге асыруына қолдау көрсетеді.
Курс көлемі
Курс 68 сағатқа жоспарланған және 10-сынып оқушыларына арналған.
Негізгі бағыт
Математикаға бейімі бар оқушылардың қызығушылығы мен сұранысын қанағаттандырып, стандартты емес есептерді шешу арқылы танымдық қажеттіліктерін дамытуға бағытталған.
Курстың мазмұны және ерекшелігі
Курс мазмұны математикалық анализ және алгебра курстарының бағдарламасын қайталамайды. Негізгі мақсат — мектеп математика курсындағы сызықтық теңдеулер туралы білімді тереңдету және оны дәстүрлі емес жағдайларда қолдана білу қабілетін қалыптастыру.
Бұл оқушылардың математикалық білімге қызығушылығы мен сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді: оқу тек аттестат алу үшін емес, өмірлік жоспарларды іске асыруға қажетті құрал ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар курс орта мектеп деңгейінде теңдеулерді шешуге қажетті әрі жеткілікті білімді жүйелеуге көмектесіп, математика негізгі пән болып саналатын жоғары оқу орындарына дайындықтың маңызды бөлігі болады.
Курстың мақсаты
Тереңдету арқылы әлемдік математикалық ұғымдардың тұтастығы туралы түсінікті дамыту және «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білім аясын кеңейту.
Курс міндеттері
-
«Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімді жүйелеу және тереңдету.
-
Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, есеп шығаруға арналған практикалық дағдыларды дамыту және қалыптастыру.
-
Шығармашылық және логикалық ойлауды дамыту.
-
Білімді тиімді пайдалану және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту.
-
Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.