Кескіннің түсін таңдау
Сабақтың барысы
Бұл сабақта оқушылар Paint графикалық редакторымен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын меңгереді: бағдарламаны іске қосу, құралдарды таңдау, сызық пен қылқалам параметрлерін баптау, түстерді дұрыс қолдану және қарапайым сурет құрастыру.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
“Кім жылдам?” ойыны
- 1. Иілгіш диск дегеніміз не?
- 2. Ақпаратты шығару құрылғысы қандай?
- 3. Пернетақта қандай блоктардан тұрады?
- 4. Принтердің қанша түрі бар?
- 5. Қоржынды (Корзина) қалай тазартуға болады?
- 6. Дискілерді пішімдеудің неше әдісі бар?
- 7. Компьютер құрылғыларын атаңдар.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Paint графикалық редакторы
Компьютер графика құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы әрі қуатты құрал болып табылады. Ең қарапайым графикалық редакторлардың өзі сурет салуға, әртүрлі қылқаламдарды қолдануға, кескінді түрлі түске бояуға, әртүрлі қалыңдықтағы сызықтар сызуға және суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді.
Paint — әртүрлі графикалық кескіндерді салуға және өңдеуге арналған бағдарлама. Оның көмегімен қарапайым сызбалардан бастап күрделі графикалық жұмыстарға дейін орындауға болады. Сондай-ақ Windows-тің басқа қолданбаларынан көшірілген дайын суреттерді кірістіруге, әрі сканер арқылы алынған кескіндерді енгізуге мүмкіндік береді.
Paint бағдарламасын іске қосу
- 1. Пуск батырмасын шертіңдер.
- 2. Негізгі мәзірден Все программы тармағын таңдаңдар.
- 3. Одан кейін Стандартные бөлімін ашыңдар.
- 4. Paint графикалық редакторын таңдаңдар.
Қысқаша жол: Пуск → Все программы → Стандартные → Paint
Paint терезесінің негізгі бөліктері
- Сурет салу алаңы: терезенің үлкен бөлігін алады.
- Құралдар тақтасы: сол жақта орналасқан.
- Түстер палитрасы: төменгі бөлікте орналасқан.
Негізгі және қосымша түс
Палитрадан екі түс таңдалады: негізгі түс (сурет салуға) және қосымша түс (фонға). Бағдарлама іске қосылғанда әдетте негізгі түс қара, фон ақ болады.
- Негізгі түс: палитрадағы түсті сол жақ батырмамен шерту арқылы таңдалады.
- Фон түсі: палитрадағы түсті оң жақ батырмамен шерту арқылы таңдалады.
Сурет салудың негізгі кезеңдері
-
1) Құралды таңдау
Paint-та 16 құрал бар
Құралдың қызметін көру үшін тінтуір нұсқағышын құралдың үстіне апарыңдар — қысқаша сипаттама шығады.
Ерікті аймақты белгілеу
Қисық пішінді үзіндіні таңдайды.
Белгілеу
Тік төртбұрышты үзіндіні таңдайды.
Өшіргіш
Суреттің бөліктерін өшіреді.
Құю (Заливка)
Тұйық контурдың ішін негізгі немесе фон түсімен бояйды.
Түс таңдау
Кез келген нүктеден түсті алып, таңдаулы түске айналдырады.
Масштаб
Кескіннің бөлігін үлкейтеді.
Қарындаш
Әртүрлі қалыңдықта сызық сызады.
Қылқалам (Кисть)
Ерікті сызықтарды сызады, түрін таңдауға болады.
Бүріккіш
Пульверизатор эффектісін береді.
Жазу
Сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық
Түзу сызық сызады.
Қисық
Тегістелген, қисық сызықтар салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш
Тік төртбұрыштар сызады.
Көпбұрыш
Ерікті пішінді тұйық көпбұрыш сызады.
Эллипс
Шеңбер және эллипс сызады.
Дөңгеленген тік төртбұрыш
Бұрыштары дөңгеленген төртбұрыштар сызады.
-
2) Параметрлерді баптау
Құралдар тақтасының астындағы аймақта сызықтың қалыңдығын (1–5 нүкте), қылқалам түрін және фигуралардың типін таңдауға болады.
-
3) Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін палитрадағы қажетті түсті сол жақ батырмамен шертіңдер.
-
4) Фонның түсін таңдау
Фон түсін таңдау үшін палитрадағы қажетті түсті оң жақ батырмамен шертіңдер. Бұл фонды пайдаланатын құралдармен (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген тік төртбұрыш) жұмыс істегенде маңызды.
Практикалық жұмыс
Берілген фигураларды Paint бағдарламасында салыңдар.
IV. Бекіту: тест тапсырмалары
Бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді тест арқылы тексерейік.
1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
- A) Пуск → Программы → Paint
- B) Пуск → Paint
- C) Пуск → Все программы → Стандартные → Paint
2. Графикалық редакторды көрсетіңдер.
- A) MS Word
- B) Paint
- C) MS Excel
3. Paint графикалық редакторында қанша құрал бар?
- A) 19
- B) 13
- C) 16
4. “Жазу” құралы дегеніміз не?
- A) Түзу сызық салуға арналған
- B) Көпбұрыш салуға арналған
- C) Сурет ішіне мәтін орналастыруға арналған
5. “Құю (Заливка)” құралы дегеніміз не?
- A) Кез келген сызықты сызуға арналған
- B) Суретті өшіруге арналған
- C) Тұйық аймақты кескін немесе фон түсімен бояйды
V. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, практикалық жұмысты орындауы және тест нәтижесі бойынша бағалау жүргізіледі.
VI. Үй тапсырмасы
Paint графикалық редакторы: негізгі құралдарды қайталап, қарапайым сурет құрастырып келу.