Балаларға өздерінің отбасы туралы түсінік бер

Білім беру саласы және оқу іс-әрекеті

Бағыттары

Саласы
Таным, шығармашылық
Оқу іс-әрекеті
Айналамен қоршаған орта
Тақырыбы
Мен және менің отбасым

Мақсаты

  • Балалардың өз отбасы туралы түсінігін қалыптастыру.
  • Ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілетін және тілін дамыту.
  • Достыққа тәрбиелеу; үлкенді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға баулу.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау.

Көрнекіліктер

Суреттер, нақыл сөздер, слайдтар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Ұйымдастыру: шаттық шеңберін құру, балаларды бір-біріне жылы лебіз айтуға бағыттау.

Балалардың іс-әрекеті

Дөңгеленіп, шаттық шеңберін құрады:

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Апай, сізді көргенімізге қуаныштымыз!

Іздену-ұйымдастырушы кезең (кіріспе)

Тәрбиешінің жетекші сұрақтары

  • №2 слайд: «Мынау ненің суреті?»
  • «Отбасы деген кімдер?»
  • «Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?»
  • «Қане, “Шалқан” ертегісін еске түсірейік: ата, әже, қыз — олар қайда тұрады?»
  • «Шалқанды кім отырғызды? Ол қандай болып өсті?»
  • «Үлкен шалқанды қалай жұлып алды? Кім кімге көмектесті?»

Балалардың жауаптары мен тұжырымдары

Отбасы — бір үйде тұратын адамдар.

Отбасы мүшелері: әке, ана, әже, ата, аға, әпке, қарындас, іні және мен.

«Шалқан» ертегісінде шалқанды атасы отырғызады, ол үлкен болып өседі.

Атасы үйдегілерді көмекке шақырып, бәрі бір-біріне көмектесіп, шалқанды бірге жұлып алады.

Негізгі ой

Бір-бірін жақсы көріп, сыйлап, өзара көмектесетін отбасын тату отбасы деп атайды.