Өткен сабақты қорыту
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем. 1–5-жаттығулар.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: сөйлемнің сөзден құралатынын, тиянақты ойды білдіретінін, сөйлемнің алғашқы сөзі бас әріппен жазылатынын және сөйлем соңына тыныс белгі қойылатынын меңгерту.
- Дамытушылық: сөздік қорын байыту, сөйлеу мен әңгімелеу дағдыларын жетілдіру, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
- Тәрбиелік: әдемі, көркем, сауатты жазуға баулу, ана тілін қастерлеуге және өз елін сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау.
Көрнекіліктер
Кесте, мультимедиа, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын!
Күніміздің бәрі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
II. Кіріспе сөз
Мұғалім: Қазір қай сабақ, балалар?
Балалар: Қазақ тілі.
Мұғалім: Қазақ тілі қандай тіл?
Балалар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені —
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Қазақ тілі — ақындар жырлаған қасиетті тіл. Ол бізге ана тіліміздің қадір-қасиетін танытып, Отанды сүюге тәрбиелейді. Ендеше, сүйікті пәніміз — қазақ тілі сабағын бастаймыз.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен материал бойынша үй тапсырмасы тексеріліп, қателер талданады.
IV. Өткен сабақты қорыту
Семантикалық кесте арқылы мәтін түрлерін ажырату: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
V. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақ ерекше форматта өтеді. Ерте заманда әріптердің бәрі бірге өмір сүріпті. Түстері де бірдей болып, тату-тәтті тіршілік етіпті. Бір күні дауыл соғып, оларды ұшырып әкетеді. Әріптер әр жерге қонып, мінезі мен сипаты бойынша топтарға бөлінеді.
Дауысты дыбыстар
а, ә, е, ё, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, ю, я
Ұяң дыбыстар
б, в, г, ғ, д, ж, з
Қатаң дыбыстар
қ, к, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ
Үнді дыбыстар
л, м, н, ң, р, й, у
Олар: «Не істейміз?» — деп кеңеседі. Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыс бәрін байқап, ортақ шешім ұсынады: «Бәріміз бірігейік!»
Сөйтіп, дыбыстар мен әріптерден буындар құралады: ба, ла, құ, рық. Ал буындардан сөздер жасалады: бала, құрық.
Енді сұрақ: сөзден кейін не құралады? Мысалы: Мен мектепке барамын. Демек, бүгінгі тақырып — Сөйлем.
Күн реті
Сабақ жоспары мен кезеңдерін белгілеу.
Көркем жазу
Әріптерді дұрыс, таза, біркелкі жазу дағдысын бекіту.
Сөздік диктант
қобыз, бөрік, домбыра, сандық, торсық
Жаттығулар жүйесі
№1-жаттығу: берілген мәтінді оқыту, үш сөйлемді үш қатарға жаздыру.
№2-жаттығу (ауызша): шығармашылық жұмыс, ой қозғау.
Сергіту сәті: «Киіз үй құру» ойыны арқылы қимыл-қозғалыс жасау.
№3-жаттығу: өлеңді түсініп оқу; оқушылардың сүйікті пәндері туралы сұрау; сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін анықтау (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі). Қ. Мырзалиев туралы қысқаша мағлұмат беру.
№4-жаттығу («Көкек»): іштей оқыту, ой қозғау («Не байқадыңдар?»), дауыстап оқыту, сөйлем жігін ажырату.
Сабақты қорыту
Сонымен, балалар, сөйлем дегеніміз:
- аяқталған ойды білдіреді;
- сөзден құралады;
- сөздер бөлек жазылады;
- бірінші сөз бас әріппен жазылады;
- соңына тыныс белгі қойылады.
Сызба арқылы сөйлем құрап көрейік: сөздерді дұрыс реттеп, бастауын бас әріппен жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қоямыз.
Үй тапсырмасы
5-жаттығу: 94-бет.
Ереже: 93-бет.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын —
Азамат бол, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын.
Бүгінгі сабаққа бәріміз белсенді қатыстық. Енді білімдеріңді бағалаймын.