Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру
Сабақ тақырыбы
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы.
Сабақтың мақсаты
-
а
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету; ойлау шеберлігін және сөйлеу мәдениетін арттыру.
-
ә
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тілін байытатын мазмұнды әрі көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді үйрету.
-
б
Оқушылар бойына әдептілік, инабаттылық және қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
- Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
- Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
- Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?
- Мәтін дегеніміз не?
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Омонимдер — дыбысталуы бірдей болғанымен, мағынасы әртүрлі сөздер тобы. Сыртқы формасы, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас көрінеді. Алайда олардың айырмашылығы білдіретін мағынасынан анық байқалады.
Омоним мен көп мағыналы сөздің негізгі айырмашылығы
Көп мағыналы сөздер
- Бір негізден тарайды, сондықтан мағыналары өзара жақын, ұқсас болады.
- Әдетте бір ғана сөз табына жатады.
Омонимдер
- Мағыналары бір-бірінен алшақ болады.
- Кейде әртүрлі сөз табына қатысты болып, жеке-жеке мағына береді.
Мысалдар
«Қара»
омоним- қара шаш — заттың түсін білдіретін сын есім.
- тақтаға қара — қимыл-әрекетті білдіретін етістік.
«Айт»
омоним- айт болды — діни мейрам атауы.
- ән айт — сөйлеуге қатысты қимыл мағынасы.
- айт! — итті айтақтап қосуды білдіретін одағай.
Туынды омонимдер
Тілімізде көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Түбір сөзге жұрнақ қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер деп аталады.
Мысал: «Арық»
туынды омоним- арық (зат есім) — су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Мысал: Ол егінін арықтан суарады.
- арық (сын есім) — семіз емес, жүдеу, еті қашқан. Мысал: Арық, қуқыл балалардың беттерінде аштық табы бар.
Жаттығумен жұмыс
Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін, тапсырмалар арқылы тақырыпты практикалық тұрғыда бекіту жұмысы жүргізіледі.
Білімді бекіту сұрақтары
- Омонимдер дегеніміз не?
- Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылығы бар?
- Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Бағалау
Оқушылардың белсенділігіне, ынтасына және сұрақтарға жауап беру сапасына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
70-жаттығу: айт, жөн, ен, бөле сөздері омоним болатындай етіп, бірнеше сөйлем құрап жазу.