Вирус өлшемі
«Биолог» атағы кімге бұйырады?
Бұл сайыс сабақтың мақсаты — оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру, тірі ағзалар әлемін қадірлеуге баулу, қоршаған ортаны және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру.
Формат
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр кезеңде ұпай жинап, қорытындыда ең жоғары нәтиже көрсеткен топ жеңімпаз атанады.
- Командалар
- «Алғыр», «Тапқыр», «Ептілер»
- Уақыт тәртібі
- Кезеңдерге байланысты 1–3 минут ойлану уақыты беріледі
Сайыс кезеңдері
-
1) ТаныстыруКоманданың атауы, ұраны, мүшелерін таныстыру
-
2) «Иә / Жоқ»Әр топқа 5 тұжырым беріледі, «иә» не «жоқ» деп жауап береді
-
3) «Сандар сыры»Берілген сандардың биологиядағы мағынасын табу (1 минут)
-
4) «Ойымдағы жұмбақ»Жануар/құсты сипаттап, келесі топқа жасырын түрде жеткізу
-
5) «Кім көп біледі?»Пәнге қатысты жұмбақтар. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай
-
6) Сөзжұмбақ шешуӘр топқа 3 сөзжұмбақ, ойлануға 3 минут
-
7) «Жарыспа, жарысқан соң қалыспа»Логикалық сұрақтар
-
8) ҚорытындылауҚазылар алқасының шешімі, марапаттау
2-кезең: «Иә / Жоқ» сұрақтары
Әр топқа 5 тұжырым беріледі. Командалар тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
«Алғыр» тобы
- 1 Тірі табиғат жүйесі 5 дүниеден тұрады. (Иә)
- 2 Нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылдары — ағзалық заттар. (Иә)
- 3 Бактериялар латынша «у» деген сөз. (Жоқ)
- 4 Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері: зат алмасу, қоректену, тыныс алу, қажетсіз заттарды бөлу, тітіркенгіштік, қозғалу, көбею, өсу, даму және тіршілігін жою. (Иә)
- 5 Бактерия жасушасына енетін вирус бактериофаг деп аталады. (Жоқ)
«Тапқыр» тобы
- 1 Иммунитет — ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. (Иә)
- 2 Вирустар жасушадан тыс тіршілік ете алады. (Жоқ)
- 3 Микробиология — көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым. (Иә)
- 4 Ауру тудыратын бактериялар салдарынан адамдардың жаппай ауыруы «індет» деп аталады. (Иә)
- 5 Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы — тазалық ережелерін сақтамау. (Жоқ)
«Ептілер» тобы
- 1 Бактериялар қоректенуіне қарай 2-ге бөлінеді. (Иә)
- 2 Сапрофиттер жануар өлекселері мен өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді. (Иә)
- 3 Саңырауқұлақтар өсімдіктерге жатады. (Жоқ)
- 4 Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым — алгология. (Жоқ)
- 5 Жалған түлкіжем — улы саңырауқұлақ. (Иә)
3-кезең: «Сандар сыры»
Әр топқа сандар жиынтығы беріледі. Міндет — әр санның нені білдіретінін түсіндіру. Ойлануға 1 минут.
Жиынтық 1
- 5 Тірі табиғаттың 5 дүниесі
- 0,0000002 Вирустың шамамен өлшемі
- 1892 Ивановский вирусты ашты
- 1899 Бейеринк «вирус» терминін ғылымға енгізді
Жиынтық 2
- 1918–1919 Тұмаудың үш толқыны жер шарын қамтыды
- 1683 Бактериялар туралы алғашқы дерек (Левенгук)
- 500 000 Сапалы сүттің құрамында 500 мыңға дейін бактерия болуы мүмкін
- 1882 Кох туберкулез қоздырғышын ашты
Жиынтық 3
- 100 000 Саңырауқұлақтың 100 мыңнан астам түрі бар
- 1929 Флеминг табиғи пенициллинді бөліп алды
- 1943 Пенициллинді медицинаға толық енгізу мәселесі шешілді
- 1960 Антибиотик олеандомицин бөлініп алынды
4-кезең: «Ойымдағы жұмбақ»
Бұл кезеңде топтар бір-біріне жануарды немесе құсты атауын айтпай сипаттап береді: мінез-құлқы, тіршілік әрекеті, дыбысы, қимыл-қозғалысы арқылы. Келесі топ дұрыс жауапты табуы керек.
- Сипаттама нақты әрі қысқа болуы тиіс
- Атауын меңзейтін сөздерді қолданбау ұсынылады
5-кезең: «Кім көп біледі?» — жұмбақтар
Биологияға қатысты жұмбақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Құстар мен жануарлар
Алғашқы буыны — заттың түсі,
«Жылпос» деп ұқ — екіншісі.
Көлдің сәні — сымбатты құс,
Атын тауып, айқындай түс.
Бірінші буыны — жылға кірмей қалатын,
Екінші буыны — әуелеп ұша алатын.
Таптың ба, кәне, балақай,
Сонда бұл қай құс болады?
Өсімдіктер мен дақылдар
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
Семіз бұзау десек те,
Байлаулы тұр көшеде.
Жұмбағымды шеш, есепте.
Шелпек, тоқаш, таба нан —
Анасы бір бәрінің.
Туа шашы ағарған.
Жүйелеу ұғымдары және сөз ойыны
Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір,
Әлемде сан алуан өсімдік бар.
Соларды топтастырып, жүйеге сап,
Ғылымда өз алдына атайды.
Түрлерді топтастыру — ол да дұрыс,
Ол тобын өсімдіктің дейді.
Бұларды топтастырмай тағы болмас,
Туыстас өсімдік тобы.
Ал сонша бөліктерге шын ие,
Жіктеудегі ең ірі топ.
Шай қалдығында бар әріп
Алмасқанда жаңа сөз болады.
Шақса адамды қызарып,
Құрсағына қан толады.
Жанға шипа өсімдіктің нәрінен,
«Р» әрпін «Б» әрпіне ауыстыр.
Жою керек, аулақ оның кәрінен —
Қай жәндік? Бізге соны таныстыр.
6-кезең: Сөзжұмбақ тапсырмалары
Әр топқа 3 түрлі сөзжұмбақ беріледі. Тапсырмалар тірі табиғаттың әр дүниесіне қатысты. Ойлануға 3 минут.
«Алғыр» тобы (бактериялар)
- 1. Бактериялардың ауадан сіңіретін газы — азот.
- 2. Оттек бар жерде тіршілік ететін бактерия — аэробты.
- 3. Ашыту бактерияларының қатысуымен алынатын зат — шарап.
- 4. Бактериялар талшығын ыдырататын өнім — зығыр.
- 5. Сүттің ашуынан алынатын өнім — айран.
- 6. Бактериялар кездесетін орта — ауа.
- 7. Бактериялар әрекетінен түзілетін зат — қарашірік.
«Тапқыр» тобы (саңырауқұлақтар)
- 1. Ақ зеңнің басқаша атауы — мукор.
- 2. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым — микология.
- 3. Саңырауқұлақтағы қор заты — гликоген.
- 4. Қозғалғыш споралар — зооспора.
- 5. Таралуға қатысатын арнайы құрылым (жасуша) — спора.
- 6. Дәрі алынатын саңырауқұлақ — пеницилл.
- 7. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақ — зең.
- 8. Зең саңырауқұлақтарына жатады — аспергилл.
«Ептілер» тобы (вирустар)
- 1. Вирустарды зерттейтін ғылым — вирусология.
- 2. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті — иммунитет.
- 3. Бактерия жасушасына енетін вирус — бактериофаг.
- 4. «Вирус» сөзінің латынша мағынасы — у.
- 5. Вирус тудыратын ауру — сары ауру.
7-кезең: «Жарыспа, жарысқан соң қалыспа» — логикалық сұрақтар
Сұрақтар
- Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма?
- Бала аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Балығы нешеу?
- 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі?
- 5 адамға 5 алманы бөліңіз: әр адам бір алманы алсын, бірақ бір алма кәрзеңкеде қалып қойсын. Қалай бөлу керек?
Жауаптар
- 1) Қайыңда алма өспейді.
- 2) Ешқандай балық ұстамады.
- 3) 2 ешкі, 7 тауық.
- 4) 1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен бірге алады.
8-кезең: Қорытындылау және марапаттау
Құрметті оқушылар, осымен сайысымыз аяқталды. Ендігі сөз кезегі — қазылар алқасында. Ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар анықталған соң марапаттау рәсімі өткізіледі.
Қысқа еске салу
- Әр кезең — білім мен тапқырлықты қатар талап етеді
- Табиғатты қорғау — биологиядағы маңызды құндылықтардың бірі