Қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәні

Түйіндеме

Полатова Айнұр Мүслімбекқызы 1974 жылғы 21 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм ауылында дүниеге келген. Мамандығы — мұғалім. Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі.

Байланыс және мекенжай

Мекенжай
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені,
Сырдария көшесі, №4 үй
Ұялы телефон
Мамандық
Мұғалім
Бағыт
Қазақ тілі мен әдебиеті • Араб тілі

Білімі мен қызмет жолы

  1. 1990–1992

    М. Шаханов атындағы орта мектепте тәлімгер болып қызмет атқарды.

  2. 1992–1994

    Оңтүстік Қазақстан Араб институтында оқып, 2 жылдық курсты аяқтады.

  3. 1994 жылғы қазаннан бері

    М. Шаханов атындағы жалпы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

  4. 2000–2003

    Халықаралық Қазақ–Араб университетіне (сырттай) өз мамандығы бойынша 3-курсқа түсіп, оқуын аяқтады.

  5. 2006–2007 оқу жылы

    Мектеп психологы қызметін атқарды.

  6. 2009

    Интерактивті тақта бойынша курстан өтті.

  7. 2013 жылғы ақпан

    «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы (ОҚО) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша біліктілігін арттырды.

  8. 2013

    ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы курсын аяқтап, сертификат алды.

Санаты
Жоғары
Еңбек өтілі
22 жыл
Отбасы
Тұрмыста, 4 баласы бар

Марапаттар мен кәсіби мойындау

2013 жылғы 1 тамыздағы №01–0003 шешімімен (Qurmet–AV қоғамдық қоры) «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды.

2009 жылы білім беру жүйесінде шығармашылықпен, нәтижелі жұмыс жасап, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін екі рет Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Арыс ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Оқушылар жетістіктері және шығармашылық нәтижелер

  • 2007: оқушысы Омархан Ақбота «Сырдың сырлы тарихы» ғылыми жобасымен облыстық сырттай байқауда III орын (III дәрежелі диплом).

  • 2007: «Жастар жырлайды» аудандық байқауында З. Құдайберген — III орын; бірқатар шәкірттері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  • 2010: оқушысы Партаева Ұлжарқын «Атаулар сыры» ғылыми жобасымен облыстық сырттай байқауда III орын (III дәрежелі диплом).

  • 2010: аудандық мұғалімдер олимпиадасында (қазақ тілі мен әдебиеті) I орын (I дәрежелі диплом); облыстық олимпиадада III орын (III дәрежелі диплом).

  • 2010: шәкірттері ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, екі оқушысы (А. Омархан, Қ. Рсалы) «Алтын белгі» иегері атанды.

  • 2011: оқушысы Балтабай Бағлан «Қазақ әдебиеті тарихындағы оқиғалар ізі» жобасын қорғап, марапатқа ие болды.

  • 2011: «Болашақ» республикалық газетінде «Сөзмерген» тақырыбындағы сабағы жарияланды.

  • 2011–2012: «Арыс ақиқаты» газетінде мемлекеттік тіл, руханият, мейірім тақырыптарындағы мақалалары жарияланды.

  • 2012: аудандық семинарда «Оқытудың жаңа технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізіп, Құрмет грамотасымен марапатталды.

  • 2012: «Жыл мұғалімі – 2012» аудандық номинациясын иеленді.

  • 2012: облыстық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасап, құнды материал ретінде танылып, Алғыс хатпен марапатталды; баяндама конференция материалдары жинағына енді.

  • 2012 жылдан бері: bilimdiler.kz және ustaz.kz платформаларында авторлық сабақтарын жариялап келеді.

  • 2013: қызы әрі шәкірті Балтабай Балнұр О. Бөкей атындағы аудандық оқуларда және «Жарқын болашақ» V республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде I орын иеленіп, облыстық кезеңде III орын алды.

  • 2013: «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Ақан Қорамсаұлы – ақын, сазгер» тақырыбындағы сабағы жарияланды.

  • 2013: аймақтық конференциялар материалдар жинағына «Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған ұлттық білім мен тәрбие» және «Нәтижеге бағытталған оқыту мен оқу үдерісі» тақырыптарындағы мақалалары енді.