Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Сабақтың тақырыбы
Сабақ тақырыбы
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Сабақтың мақсаты
- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болған жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілі арқылы түсіндіру.
- Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін тиімді қолдану дағдысын дамыту.
- Жазу барысында сауатты, көркем, ұқыпты жазуға және жауапкершілікпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Көрнекілігі
Суреттер, ақылды тақта, қима қағаздар.
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгертуге арналған дәстүрлі сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Негізгі екпін
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу ережесін қолдану.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, көңіл күйді көтеретін қысқа «сәттілік сәтін» ұйымдастыру.
Көркем жазу
Ққ — құмсағат. «Құмсағат» сөзінен жаңа сөздер шығарып, жазу.
Терме диктант
Берілген сөздер ішінен баяндауыш болатындарын теріп жазу:
2) Өткенді қайталау
Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып, өткен тақырыпты пысықтау.
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
- Баяндауыш қандай сөз табынан болады?
- Баяндауышқа мысал келтір.
3) Жаңа сабақ
Зат есімнен болатын баяндауыш
- Сәуле — биші.
- Әділет — оқушы.
- Сазан — балық.
- Алма — жеміс.
Етістіктен болатын баяндауыш
- Сәуле биледі.
- Әділет оқыды.
- Балық шоршиды.
- Алма пісті.
Ереже: Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (—) қойылады.
Әмір — күйші.
Алматы — сәулетті қала.
Сергіту сәті
Далада жел тұрды.
Жел қаттырақ соқты.
Найзағай жарқ етті.
Жаңбыр жауа бастады.
Жел баяулады.
Жаңбыр да ақырындады.
Жел басылды, күн ашылды.
1-тапсырма
Баяндауышы зат есімнен тұратын сөйлем құрастыр.
- Ағам — суретші.
- Атам — ұста.
- Әкем — жүргізуші.
- Нағашым — мұғалім.
2-тапсырма
Берілген сөздерді қолданып сөйлем құрастыр.
- Абай Құнанбаев — ұлы ақын.
- Астана — бас қала.
- Роза Рымбаева — атақты әнші.
- Талап — талмас қанат.
Сергіту сәті: көзге жаттығу
Қысқа көз жаттығуын жасап, кейін суреттер бойынша сөйлем құрастыр.
Құстар биікке ұшты.
Балықтар суда жүзді.
Дельфиндер суда шоршыды.
Жапалақтап қар жауды.
Кітаппен жұмыс
- 49-жаттығу — жазбаша.
- 51-жаттығу — ауызша.
4) Сабақты қорытындылау
Өтілген тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жинақтау: баяндауыш және бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Шығармашылық тапсырма
«Баяндауыш» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастыр.