Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы
Сабақтың тақырыбы
Ыбырай — қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Сабақтың мақсаты
а) Білімділік
Ыбырай Алтынсариннің ұлы педагог, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы екенін таныту. Әңгімелерінің идеясын ашу, өміршеңдігін және балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызын түсіндіру.
ә) Дамытушылық
Оқушылардың іскерлік-танымдық қабілетін дамыту. Өз ойын еркін айтып, пікір білдіруге және тұжырым жасауға дағдыландыру.
б) Тәрбиелік
Адамгершілікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Типі
Білім, дағды, іскерлікті қолдану сабағы.
Әдістері
- Сөздік (баяндау)
- Көрнекілік
- Топтық жұмыс
- Практикалық: сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту, сатылай кешенді талдау
- Интерактивті әдіс-тәсілдер
Көрнекілігі
Мультимедиа, слайдтар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.
- Сабақтың екі топтың іскерлік ойындары арқылы өтетінін хабарлау.
1. Білім
Кезең1-топ тапсырмасы: «Жылдар сөйлейді»
Берілген жылдар бойынша Ы. Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау:
2-топ тапсырмасы: «Тірек белгілер»
Суреттер бойынша ақынның өлеңдерінің атауын табу:
2. Түсіну
КезеңТақырып: «Ыбырай — қазақ балалар әдебиетінің атасы».
Ой шақыру сұрақтары
- Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білеміз?
- Ол әңгімелерін кімдерден аударды?
Мұғалім сөзі
Ыбырай Алтынсарин 1876 жылы Н. Н. Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым», — деп жазады.
Ол мысалдарды көп енгізгісі келмейтінін айтады: қатаң тұрмыста өскен қазақ балаларына мысалдан гөрі мәнді, өмірге жақын әңгімелер тиімді екенін ескертеді. Өз тәжірибесіне сүйене отырып, мысалдарды балалардың онша қызыға оқымайтынын, ал ата-аналардың «сауысқан мен қарға сөйлейді» секілді өмірде жоқ нәрселерді үйретуге қарсы болатынын жазады.
Сондықтан жаңа кітапқа жұмбақтар, баланың ойын кеңейтетін әңгімелер және қазақ өлеңдерінен іріктелген таңдаулы өлеңдер енгізілетінін атап өтеді.
Негізгі тұжырым
Ы. Алтынсарин адамдық қасиеттерді дәріптейтін әңгімелерді енгізді: көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Шығармалар бағыты
Оқушыға түсінікті тіл, өмірлік жағдай, еңбек пен білім құндылығы, адамгершілік пен тәрбие.
Әңгімелері
Аудармалары
Паульсоннан
Әдеп, Алтын шеттеуік, Бір уыс мақта
Л. Н. Толстойдан
Мұңсыз адам, Данышпан қазы, Үш ұры, Жаман жолдас
К. Ушинскийден
Түлкі мен ешкі, Сауысқан мен қарға
3. Қолдану
Кезең1-топ тапсырмасы: «Ең бастысы»
«Сөз — сөйлем — құпиялы сөз» тәсілі бойынша әңгіменің тақырыбы, мазмұны, идеясын ашу.
Берілетін әңгімелер:
2-топ тапсырмасы: «Екі жақты күнделік»
Әңгімелерден ұнаған абзацты таңдап, сол үзіндіге сәйкес өз пікірін жазу.
Ұсынылатын әңгімелер:
4. Анализ
КезеңДеңгейлік тапсырмалар
III деңгей: «Ішке — сыртқа» стратегиясы
Ыбырай әңгімелерінің тақырыбын анықтау.
Қарастырылатын әңгімелер:
Тақырыптық бағыттар
Сабырлылық, қанағат, еңбек, кәсіп, тәрбие, достық.
II деңгей: сатылай кешенді талдау
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» әңгімелеріне талдау жасау.
I деңгей: қазіргі өмірмен байланыстыру
Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі еңбек пен кәсіп құндылықтарының бүгінгі заманмен үндестігін тауып, өз пікірін айту.
5. Синтез
Ыбырай әңгімелері — рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін маңызды құрал. Оқушылар балаға әсер ететін қасиеттерді (мейірім, еңбекқорлық, адалдық, сабыр, білімге құштарлық) жазып, «Күн» суреті арқылы топтастыру стратегиясымен жинақтайды.
6. Бағалау
1-топ
«Ыбырай салған ізбенен...» — қазақ балалар әдебиеті туралы қысқаша ой.
2-топ
«Тәуелсіз Қазақстан білімге қарыштау жолында» — бүгінгі білім беру реформасы туралы ойтолғау.
Үй тапсырмасы
«Жұртына білім сыйлаған...» тақырыбында Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбегі туралы шағын шығарма жазу.