Ойынға қатысатын топпен танысу

Сыныптан тыс жұмыс: «Алтын қақпа» танымдық ойыны

Тақырыбы: «Абай лебі — заманының тынысы, Абай үні — ғасырлардың өрісі»

Мақсаты

  • Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексеру, танымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
  • Дамытушылық: Оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру; ой-өрісін кеңейту; шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақ түрі
Танымдық-ойын сабағы.
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Ұпай жинауға арналған жұлдызшалар
  • Жауап беру белгілері
  • Төсбелгілер (бейдждер)
  • Топ аттары жазылған парақшалар

Ойынның барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушылары ұлы ақын, кемеңгер философ, сазгер, ағартушы, аудармашы, ойшыл Абай Құнанбаев туралы ізденіп, оқып-білгендерін зерделеп, еске түсіру үшін «Алтын қақпа» танымдық ойынында білімдерін сынамақ.

Абайдың әр сөзінің мән-мағынасына үңіліп, оны терең бойға сіңіру — тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.

Ендеше, бүгінгі ойынымызға «Абай лебі — заманының тынысы, Абай үні — ғасырлардың өрісі» тақырыбымен 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларын шақырамын.

III. Қатысушылармен танысу

Топ басшылары, өз топтарыңызды және топ ұраныңызды таныстырып өтіңіздер.

Топқа бөлу

Әр топ үш оқушыдан тұрады.

I топ: «Даналар»

Ұраны

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге —

Кетігін тап та, бар, қалан.