Факультативтік сабақ жоспары
Факультативтік сабақ жоспары
Сабақ жоспары оқушылардың сан есім туралы білімін тереңдетуге, сан есімнің мағыналық түрлерін жүйелі түрде таныстыруға бағытталған.
Сабақтың тақырыбы
Сан есім
Мақсаты
- Сан есім туралы білімдерін тереңдету.
- Сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру.
Күтілетін нәтижелер
- Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін ажырата алады.
- Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды меңгереді.
Керекті жабдықтар
- Интербелсенді тақта
- Бейнетаспа
- Оқулық
- Сағат түрлері
Бағалау тәсілі
Сабақ барысында оқушылар фишка арқылы ұпай жинайды. Сабақ соңында ұпайлар есептеледі:
- Қызыл фишка — өте жақсы
- Көк фишка — жақсы
Сабақ барысы
Кіріспе
Уақыты: 3 минут
- Психологиялық дайындық: «Бір тілек» тренингі.
- Топтастыру: әр оқушы өзіне ұнаған санды таңдайды (1, 3, 5, 7) және сол бойынша топқа бөлінеді.
-
Топ ережесін құру:
- Бірігіп жұмыс жасау
- Ұйымшыл, тату болу
- Сұраққа толық әрі нақты жауап беру
- Ойланып сөйлеу
- Қол көтеріп жауап беру
- Басқа іспен айналыспау
- Ойларын ашық айту
- Тәртіп сақтау
Тұсаукесер
Уақыты: 13 минут
Үй тапсырмасын бекіту
Әдіс: «Жапырақ үйіндісі». Тапсырмалар орындалу барысында фишка арқылы бағаланып отырады.
- Суреттегі зат атауларын жалқы есімге айналдыр.
- Жалпы есімдерді тап.
- «Жалқы есім» ұғымына анықтама бер.
- «Жалпы есім» ұғымына анықтама бер.
Ескерту
Сабақ бойы жинаған фишкалар сабақ соңында есептеліп, қорытынды баға шығарылады.
Тақырып: Сан есім. Құжат түрі: факультативтік сабақ жоспары.