Сабағымды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін топтап алу үшін Health and Wealth сөздері жазылған түрлі - түсті таратпаны тараттым
Ағылшын тілі (9-сынып): Health habits тақырыбы бойынша рефлективтік есеп
Мектептегі тәжірибемнің үшінші аптасының төртінші күні 9 «B» сыныбында Health habits тақырыбында бесінші сабағымды өткіздім. Бұл тақырып тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша екі сағатқа жоспарланған.
Сабақтың мақсаты және өткен материалды бекіту
Өткен сабақтардағы материалдарды еске түсіру үшін оқушылардың сөйлеу дағдысын, ағылшын тіліндегі сөздік қорын, өз ойын еркін жеткізуін және есте сақтау қабілетін дамытуға көңіл бөлдім.
Сабақтың басталуы: диалог пен сыни ойлау
Сыныпқа кірген сәттен бастап оқушылармен амандасып, бүгінгі күннің реті, айы және жыл мезгілі туралы сұрақтар арқылы олардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал еттім. Осы әрекеттер барысында мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың қалыптаса бастағанын байқадым.
Үй тапсырмасы: жауапкершілік және қолдау
Үй тапсырмасын сұрау кезінде бүгінгі сабақтың оңай болмайтынын ескерттім. Дегенмен, кейбір оқушылардың тапсырманы толық орындамағаны байқалды. А деңгейіндегі оқушым берілген жаттығудың қиын болғанын атап өтті, бірақ соған қарамастан өз жазғанын сынып алдында оқып берді. Бұл әрекет оның жауапкершілігін және батылдығын көрсетті.
Тақырыпқа кіріспе: екінші сағатпен байланыс
Топқа бөлмес бұрын бүгінгі сабақ туралы қысқаша мәлімет беріп, оның өткен сабақтың екінші сағатының жалғасы екенін нақтыладым. Себебі, денсаулыққа қатысты көптеген кеңестер жөнінде ақпарат берілді.
Ынтымақтастық атмосферасы және топқа бөлу
Сабақты бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында Health және Wealth сөздері жазылған түрлі түсті таратпалар арқылы оқушыларды топқа бөлдім.
- Оқушылардың бір-біріне жылы қарым-қатынас танытуына жағдай жасау;
- Жұптық және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру;
- Сабақтың қызықты әрі белсенді өтуіне ықпал ету;
- Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі мен жауапкершілігін арттыру.
Бақылау: сабақтың күрделілігі және әдіс таңдауы
Өз байқауымша, бұл сабақ алдыңғы сабағыма қарағанда қиынырақ болды. Себебі жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру кезінде уақытша дәстүрлі сабақ үлгісіне көбірек сүйеніп кеттім. Грамматиканы түсіндіріп болған соң, қайтадан жаңа тәсілдерге негізделген жұмысқа оралдым.
Топтық жұмыс: «Пилот–штурман» әдісі
Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін тапсырма беруді сұрады. Алғаш қолданған әдісім — «Пилот–штурман» әдісі. Бұл әдістің шарты бойынша оқушыларға екі тақырыпқа байланысты мәтін беріліп, сол мәтіннің ішінен жаңа сөздерді тауып, жазып шығуы керек болды.