Қасым ханның Қасқа жолы XIV ғасырда

Сабақтың тақырыбы

Ата Заңым — мақтанышым

Сабақтың мақсаты

  1. Ата Заң туралы ұғым-түсінік қалыптастыру; онда бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары туралы тараулармен таныстыру.
  2. Оқушыларға адамның ең қымбат қазына екенін ұғындыру; оның өмірі мен құқықтары туралы түсінігін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу
  • Ән тыңдау
  • Жинақтау

Көрнекіліктер

  • Рәміздер
  • Сөзжұмбақ
  • Суреттер
  • Ән

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
  • Әнұран орындалады.

I бөлім: Тақпақтар

1-оқушы

Көк туым көтерілді — бағым жанып,
Елтаңбам төрде, әлемге танылды анық.
Шырқаймын әнұранды бар дауыспен,
Арманым — Ата Заңым қабылданып.

2-оқушы

Ата Заңым — арман әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғауым.

3-оқушы

Ата Заңым — бар мұратым,
Жалғыз кие — жанды ұғатын.
Жаңсақ бассаң жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын.

Мұғалім сөзі

«Ата Заңым — кемеңгерім!» — деп ақын жырлағандай, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ата Заңымыз — елдігіміздің асыл тірегі» тақырыбында өтеді. Сабақ сұрақ-жауап және жарыс түрінде ұйымдастырылады.

II бөлім: Ой сергіту

Мұғалім сөзі

Адамдар алғаш пайда болған кезден-ақ олардың арасында дау-жанжал, келіспеушіліктер орын алды. Алайда оны шешетін ортақ заң жүйесі әрдайым бола бермеді. Қазақ қоғамында тәртіп пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі құқықтық ережелер біртіндеп жүйелене түсті.

Ел аузындағы деректер бойынша, ең көне құқықтық қағидалардың бірі Қорқыт баба есімімен байланыстырылып, «Адат» деп аталады. Оның негізгі ұстанымдары:

  • Атамекенді Жерұйық деп білу және оны жаудан қорғау;
  • Жер мен суды белгілі тәртіппен пайдалану;
  • Дау-жанжалды ақылмен шешу;
  • Кінәліні жазасыз қалдырмау.

Тарихи құқықтық құжаттар мен заңдар

Қазақ даласындағы құқықтық дәстүрлер әр кезеңде түрлі заң жинақтарымен толықты. Төменде сабақта аталған негізгі кезеңдер берілді:

Құжат / заң Кезең
Шыңғыс ханның «Ұлы Жасасы» XIII ғасыр
Қасым ханның «Қасқа жолы» XIV ғасыр
Есім ханның «Ескі жолы» XV ғасыр
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» XVI ғасыр
Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы 1937–1978 жж.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993–1995 жж.

Маңызды ескертпе

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 1-тармағында құқық пен бостандықтардың мәні мен олардың мемлекет тарапынан танылуы туралы қағида айқындалады.