Тәуелдік жалғаулардың астын сыз

Сабақтың мақсаты

  1. Тәуелдік жалғаудың мағынасын таныту: заттың немесе қандай да бір нәрсенің біреуге тән екенін, меншікті білдіретінін; тәуелдеудің үш жағы бар екенін түсіндіру. I және II жақтың адамға қатысты меншікті білдіретінін, III жақтың адамға да, басқа заттарға да қатысты қолданылатынын ұғындыру.
  2. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылығын арттыру.
  3. Адамгершілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу; таза әрі әдемі жазуға баулу.

Сабақта қолданылатын әдістер

Сұрақ-жауап Ой қозғау Өз бетімен жұмыс Сын тұрғысынан ойлау элементтері Түсіндіру Жаттығу

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақты жағымды көңіл күймен бастаймыз, сыныптың дайындығын тексереміз.

II. Психологиялық дайындық

Шағын өлең арқылы сергіту:

Мынау менің жүрегім —

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды —

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым —

Барлық істі атқарған.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Өткенді пысықтау

«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы арқылы зат есім ұғымын еске түсіру.

Жұмбақ арқылы ойлану

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебеміз.

Аққала жасап ойнайтын —

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауап: қыс.

Көркем жазу

Әріптер: Ққ

Тапсырма: «Қыс мезгілі» тақырыбына байланысты сөйлем құрастыру.

Кітаппен жұмыс

«Жалғасын тап»

Сөйлемді толықтыр: «Біздің Отанымыз — …»

1-жаттығу

  • «Отан» өлеңін оқу.
  • Қарамен жазылған зат есімдердің сөз құрамына талдау жасау.
  • Берілген сөздерді жекеше және көпше түрде тәуелдеу:

1-қатар: жерім

2-қатар: суым

3-қатар: туым

2-жаттығу

Мәтінді оқып, тәуелдік жалғаулы сөздердің қай жақта айтылып тұрғанын анықтау (ауызша).

Сергіту сәті: «Қар лақтыру» ойыны

Ақ қағазға тілек жазып, бір-біріне лақтырады. Қағазды ашып, дауыстап оқиды.

3-жаттығу

Тақтада жазбаша орындау: түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстырып оқып, қай жақта тәуелденгенін ажырату.

4-жаттығу

  • Сөйлемдерді оқу.
  • Қарамен жазылған сөздерді теріп жазу.
  • Олардың қасына сол сөздердің түбірін жазу.
  • Сөздегі дыбыс өзгерісінің себебін түсіндіру.

Жеке оқушылармен жұмыс (карточкалар)

№1

Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жаз:

Жайлау… — бір біздің,

Қыстау… — бір біздің,

Әже…-ндей Алатау

Қазақ пен қырғыздың.

№2

Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жаз:

Балам, бала…, жаны…, бала…!

Құлағ… сал — сөйлейді ана…

Сені өсіріп, бөбег… деп,

Аппақ сүт…-н емізді ана…

№3

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, көшір:

… жолдасым
… кітабым
… табысымыз
… тәрбиешіміз
… мектебің
… кітабың
… баласы
… тапсырмасы
  1. Тәуелдік жалғаулары бар сөздердің астын сыз:

    Кітап — досым, жолдасым.

    Өмірдегі қолбасшым.

  2. «Ана» сөзін жекеше тәуелде.
  3. Сөздерге II жақ тәуелдік жалғауын жалға: доп, іні, ел, мектеп.

Қорытындылау

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Оқушы тақырып бойынша өз ойын жазбаша білдіреді және төмендегі кестені толтырады.

Ережеден үзінді Ереже туралы пікір
  1. Тәуелденеді.
  2. Заттың біреуге меншікті екенін білдіреді.
  3. «Дос» (мысал сөз).
Оқушының өз пікірі, түсіндірмесі және мысалдары жазылады.

«Сезімнен шыққан өлең» стратегиясы

Қар жауады ____________ ____________ жүр, шапалақтап.

Балалар ____________ киеді, ____________ беттен сүйеді.

Бағалау

Оқушылардың қатысу белсенділігі, ауызша жауаптары және жазбаша жұмыстардың орындалуына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • 5-жаттығу (30-бет).
  • Жаңылтпашты жатқа жазу.
  • Тәуелдеулі сөздерді тауып, қай жақта айтылып тұрғанын анықтау.