Сан есімнің сұрақтарын ата
Сан есімнің мағыналық түрлері
Бұл сабақ жоспары сан есімнің мағыналық түрлерін меңгертуге, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ мейірімділік пен имандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: сан есімнің мағыналық түрлері туралы мәлімет беру, мәтін мазмұнын ұғындыру.
- Дамытушылық: сан есім түрлерін ажыратуға үйрету; ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру; пәнге қызығушылықты күшейту.
- Тәрбиелік: мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу; саналы азамат болуға үндеу; табиғатты аялауға баулу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Көрнекілік
- интерактивті тақта, оқулық, плакаттар және т.б.
- Сабақ түрі
- аралас сабақ
- Әдіс-тәсіл
- сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту
- Пәнаралық байланыс
- әдебиет
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау.
- Сынып тазалығына назар аудару, оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бағыттау.
II. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ-жауап, 3 минут)
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есімнің сұрақтарын ата.
- Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата.
- Дара сан есім дегеніміз не?
- Күрделі сан есім дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ
Алдымен тақтаға ай-күнді және сабақтың тақырыбын жазып, мақсатымен таныстырамын. Көрнекі құралдардың көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіремін. Сыныпты 2 топқа бөлемін:
1-топ: Бірліктер
Тапсырмаларда бірлік сандары жиі қолданылады.
2-топ: Ондықтар
Тапсырмаларда ондық сандары бар үлгілер беріледі.
Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді
Әр түрге жеке тоқталып, сұрақтары мен жасалу жолдарын мысалдар арқылы түсіндіремін.
IV. Тапсырмалар
1) «Полиглот»
Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтыңдар.
Бірліктер тобы
- … атасын білмеген — жетесіз.
- Қызға … үйден тию.
- … жасар бала алыстан келсе, алпыстағы қария сәлем берер.
- … сомың болғанша, … досың болсын.
Ондықтар тобы
- … ала болса, ауыздағы кетеді; … түгел болса, төбедегі келеді.
- Білекті бірді жығар, білімді … жығар.
- Ер жігіттің … сөйлегені — өлгені.
- Жеті рет өлшеп, … рет кес.
2) «Кім жылдам? Кім тапқыр? Кім жүйрік?»
Өлең жолдарындағы жасырын сан есімдерді табыңдар (сандар сөздің ішіне «жасырылған»).
Бірліктер тобы
Же1 екен 1 қазан.
Ке 1 жемді 1 қазан.
1-ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті: «Тойдым!» — деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
Ондықтар тобы
Баласына ж 2 ріп,
Ұрсып жатыр к2лік — 2леніп,
с 2ріп,
Алып қажың 2 лік,
2ншілей 2ңді
Көрсетпе! — деп ж2ді.
К2рейіп баласы 2ленбей тапасып,
Жоймасам ба 2 кімді, — деп б2нген с2лді.
3) Шығармашылық жұмыс
Сөздердің орнын дұрыс қойып, сөйлем құраңдар. Құрастырған сөйлемнен сан есімді тауып, талдаңдар.
Бірліктер тобы
- Жүгері, екі сантиметрден, күн сайын, отырады ұзарып.
- Кіріседі, жеті-сегіз, аптадан, шапшаң, кейін өсуге.
Ондықтар тобы
- Наурыз, бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың, айы.
- Ақсақалдың, қолында, екі, болған, Сәбит Мұқанов, болды, аудармашы.
4) «Сәйкесін тап»
Тұрақты өлшемдер мен мөлшерді білдіретін тіркестерді сәйкестендіріп, мағынасын талқылаңдар.
1 асым тұз
1 ұрттам қамыр
1 жайым сөз
1 ауыз су
1 шымшым ет
1 үзім қазы
1 елі нан
5) Бекіту сұрақтары
Тақырыпты қорытындылау үшін әр топқа арналған сұрақтарға жауап беріңдер.
Бірліктер тобы
- Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата.
- Есептік сан есімнің сұрақтары қандай?
- Реттік сан есім қалай жасалады?
- -ау/-еу жұрнағы арқылы қандай сан есім жасалады?
- «Нешінші?» сұрағына қай сан есім жауап береді?
Ондықтар тобы
- Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды ата.
- «Қаншадан? Нешеден?» сұрақтарына жауап беретін сан есім түрі қайсы?
- «Оннан екі» — қандай сан есім?
- «Екеу, үшеу, жетеу» — қандай сан есімдер?
- Шығыс септік жалғауы арқылы жасалатын сан есім түрін ата.
V. Үй тапсырмасы (2 минут)
- «Жайлауда» мәтіні бойынша сурет салып келу.
- 77-жаттығуды шарт бойынша жазбаша орындау.