Күз сыйлығын алыңдар, Сыйлығыма қаныңдар

Сахналық көрініс

Ертегілер елінде алтын күз ертеңгілігі

Сахна іші мерекеге сай безендірілген. Әуезді сазды әуен ойнап тұр.

Жүргізушінің сөзі

Тырна көкте тыраулап,
«Қош-қош!» айтты, «Кеттім!» — деп.
Шөптің басын қыраулап,
«Күз де келіп жеттім!» — деп.

Міне, күз мерекесі де келіп жетті. Құрметті ата-аналар, қымбатты балалар! Күз мерекесіне арналған «Ертегілер елінде» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жұмбақ өлең

Бұлттар төгіп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тойып,
Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы

Күз мезгілі!

Ендеше, балалар, Күз ханшайымын ортаға шақырайық!

Күз ханшайымының келуі

Сәлем, менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығыма қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Балалардың өлеңдері

Кемел

Күздің сыйын алайық,
Қызығына тояйық.
Күзге арнап бәріміз,
Әнімізді салайық.

Еркеназ

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Күздің арманы

Күз:

Балалар, менің бір арманым бар. Қалай ойлайсыңдар, егер арманымды айтсам, орындайсыңдар ма?

Жүргізуші:

Айтыңыз. Балалар, тыңдайық. Күздің қандай арманы бар екен?

Күз:

Мен көптеген мерекелерде болдым. Өлең, ән, тақпақтар тыңдадым. Ал енді ертегі көргім келеді. Маған ертегі көрсетесіңдер ме?