Байсалды бол, Өсірмейді қызбалық
Қадыр Мырза Әли
Ауылдастар арасында
Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсін, оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге
Келгендерін айтып жатыр ақтарып.
Біреу сүйіп, біреу өтер қызғанып.
Байсалды бол,
Өсірмейді қызбалық.
Сыналып та жүрсің,
Сынға төзіп бақ,
Сенің қалай жазатының бізге анық!
Құдай берген қабілет бар бойыңда,
Соны сақтау керектігін мойында.
Ауылға кел,
Болсын біздің мойында
Көлігің де,
Сауының да,
Қойың да!
Қымыз, шұбат — құзырыңа сол көмек.
Күнге күйіп,
Түсу керек көлге көп.
Қан жоқ, сел жоқ,
Тастаған ба оқу жеп,
Айналайын, дем алсаңшы елге кеп!
Түтін жұтып көкірегің қарайса,
Тас қалада қалмақшысың, қалайша?!
Екі бөлме үй бола ма?
Ауылдан
Берейік бір он бөлмелі сарай сап!
Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсің оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге
Келгендерін айтып жатыр ақтарып.
Бауырмалға мол - ay, шіркін, ел іші!
Беріп жатыр батасы мен қол ұшын.
Өзіңді өзің аямасаң егерде,
Елің сені аяйды екен сол үшін!
Шынайы дос
Адам өміріндегі достықтың мәні
Тәрбие басы- тал бесік туралы ақпарат
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі
Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің теориялық аспектілері
Жалпы психологияның даму тарихы
Қалыпты агрессивті мінез - құлық
МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Темперамент теориялары. Гуморальдік теориялар
Темперамент туралы дәрістер
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы