Қасқыр айтты Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл дейді түлкіге
Сайыстың мақсаты
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысының мақсаты — оқушылардың білім деңгейін саралау, пәндерге қызығушылығын арттыру, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту. Сайыс барысында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шыққан оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» атағына ие болады.
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра, шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.
І бөлім. Бәйге
Жылдам сұрақтарШарты
- Барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасы бойынша 15 сұрақ беріледі.
- Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы болады.
- Қатысушы 5 секунд ішінде дұрыс жауапты таңдап, алдарындағы нұсқаны көтеру арқылы көрсетеді.
- «Бәйге» сұрақтары оқылып болғаннан кейін ұпайлар есептеледі.
- Ең аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығады.
Сұрақтар
-
1) Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні қалай атаймыз?
A) түбір B) санның стандарт түрі C) дәреже -
2) V = S·H қандай фигураның көлемінің формуласы?
A) куб B) призма C) төртбұрыш -
3) «Алгебра» атауы қай сөзден шыққан?
A) Алжебр B) алмера C) Алгебр -
4) Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
A) ұзындығы мен енін қосамыз B) ұзындығы мен енін көбейтеміз C) ұзындығы мен енін бөлеміз -
5) Натурал сандар жиыны қай әріппен белгіленеді?
A) Z B) N C) R -
6) Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы:
A) процессор B) дисплей C) пернетақта -
7) Процессор дегеніміз не?
A) компьютердің ішкі жады B) компьютердің ең басты бөлігі C) баспа құрылғысы -
8) Принтердің неше түрі бар?
A) 4 B) 2 C) 3 -
9) Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама:
A) принтер B) антивирус C) вирус жойғыш -
10) «Компьютердің атасы» деп кімді атаған?
A) Ч. Бэббидж B) Паскаль C) Бейсик -
11) Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
A) Кеплер B) Ньютон C) Ампер -
12) Ток күшінің өлшем бірлігі:
A) Ампер B) Джоуль C) Ом -
13) Дисперсия құбылысы дегеніміз не?
A) найзағайдың көрінуі B) жарықтың спектрге бөлінуі C) токтың ажырауы -
14) Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы:
A) қату B) ұшу C) балқу -
15) Күшті өлшейтін құрылғы:
A) вольтметр B) динамометр C) барометр
ІІ бөлім. Дода
Тақырып таңдауШарты
- Бұл сайыста 4 ойыншы экранда берілген тақырыптардың бірін таңдайды.
- Ойыншылар кезекпен тақырып таңдайды.
- Алдыңғы айналымда жиналған ұпай толық сақталады.
- 12 тақырып ашылғаннан кейін ұпайы ең аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
Алгебра
- 1) Негіздері бірдей дәрежелерді көбейтуді қалай орындаймыз?
- 2) Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын қалай атаймыз?
- 3) Негізгі тригонометриялық тепе-теңдікті айтыңыз.
- 4) 0-ден үлкен сандар қалай аталады?
- 5) y = x3 формуласының графигі қандай?
Геометрия
- 1) Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан жазықтықтың барлық нүктелерінен тұратын фигура қалай аталады?
- 2) Үшбұрыштың қабырғалары 10, 15, 7. Периметрін табыңыз.
- 3) Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм қалай аталады?
- 4) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем қалай аталады?
- 5) Геометрияның жазықтықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі қалай аталады?
Физика
- 1) Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? Сәуле шығару арқылы.
- 2) Бір уақытта потенциалдық және кинетикалық энергияға ие болатын дене? Ұшқан ұшақ.
- 3) Теріс зарядты бөлшектер қалай аталады? Электрон.
- 4) Магниттік қасиетін ұзақ сақтайтын денелер: магниттер.
- 5) Электр тогының айналасында магнит өрісі бар екенін анықтаған ғалым: Эрстед.
Логика
- 1) Үш ағайындының ішінде Марат Асхаттан ұзын, ал Асхат Дәуреннен ұзын. Ең бойшаңы кім?
- 2) Үстелде үш стақан сүт бар. Алмас бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?
- 3) Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?
- 4) Сағат 22:00-де жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе?
- 5) Қасқыр мен түлкі тегін балыққа тап болды. Қасқыр: «Мен математикадан нашармын, балықты сен бөліп бер», — дейді. Түлкі: «Саған біреу, маған екеу; саған екеу, маған үшеу; саған екеу, маған төртеу», — деп бөліп береді. Қасқыр неше балық алды?
Информатика
- 1) Ақпараттың өлшем бірлігі
- 2) Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны
- 3) Сурет салуға арналған бағдарлама
- 4) Дүниежүзілік компьютерлік желі
- 5) Компакт-дискіні оқитын құрылғы
ІІІ бөлім. Полиглот
Тілдік тапсырмаШарты
- Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 ұяшықтың бірін таңдау ұсынылады.
- Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
1-ұяшық
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі.
Өзі тілсіз сөйлейді,
Жансыз оның жүрегі.
2-ұяшық
Қолың тисе, тыныш жоқ,
Жарқылдаған қос қылыш.
3-ұяшық
Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар.
4-ұяшық
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.