Оқушылардың мамандығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру
Үш тілдің тоғысқан алаңы: «Сөз мерген» лингвистикалық марафоны
«Тіл және өркениет» атты көптілділік онкүндігі аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша меңгерілген білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған «Сөз мерген» лингвистикалық марафоны ұйымдастырылады. Бұл іс-шара қатысушылардың тілдік қорын кеңейтіп, ойды жүйелі жеткізу мәдениетін қалыптастыруға арналған.
Мақсаты
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдері практикумында меңгерілген сөздік қорды практикада қолдануға үйрету.
- Білім алушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
- Үш тілде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
- «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығында оқитын студенттерге әдістемелік қолдау көрсету.
- Болашақ мамандыққа қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.
- Шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
- Бәсекеге қабілетті маман даярлауға үлес қосу.
Кіріспе: жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар, білім алушылар! Бүгін «Тіл және өркениет» атты көптілділік онкүндігі аясында өткізіліп отырған «Сөз мерген» лингвистикалық марафонына қош келдіңіздер!
2-ведущий
Добрый день, уважаемые преподаватели, конкурсанты и гости! Мы рады приветствовать вас на лингвистическом марафоне, проводимом в рамках декады полиязычия.
1-жүргізуші
Әрбір тіл — өзінше бір әлем. Сондықтан тіл — адамзатқа тән ғажайып құбылыс. Бүгінгі таңда екі тіл білу аздық етеді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамында білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу көзделген. Бұл қадамның басты мақсаты — даярланатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.
Көптілділікті жаңарту үдерісін мектепке дейінгі жастан бастаудың маңызы зор, өйткені дәл осы кезеңде жеке тұлғаның қалыптасуының іргетасы қаланады.
Дәйексөздер: тілдің қадірі
«Все языки хороши, если на них говорить по-человечески».
«Оно хорошо, а даже и нужно знать соседскую речь, но перво-наперво нужно знать свою».
«Язык народа — сокровище, которое сохраняет и передает из поколения в поколение пережитые эпохи, его мировоззрение, кругозор, мечты, радости и чаяния — словом, все волнующие его душу моменты».
Қатысушылар
Марафонға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша (мемлекеттік тілде оқытылатын) топ студенттері қатысады.
25 «ә» тобы
«Гүлдер» командасы
35 «ә» тобы
«Балапандар» командасы
2-ведущий
Уважаемые гости, разрешите начать наш лингвистический марафон. Приглашаем участников!
Сайыс кезеңдері
-
I кезең
«Мықты болсаң, шыдап көр»
-
II тур
«Веселый мир загадок»
-
III кезең
«Жүйрік болсаң, шауып көр»
-
IV тур
«Лейся, песня!»
-
V тур
Капитандар сайысы — «Битва сильнейших»
1-жүргізуші
Іске сәт! Сайысымызды бастаймыз.
Негізгі бөлім: I кезең мазмұны
I кезең «Мықты болсаң, шыдап көр» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушылар берілген сөздерден тұрақты тіркес құрастырып, сол тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіреді.