Сындарлы оқыту теориясы

ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
І нұсқа
1. Қайсысы мұғалім тұлғасының білім беру сызбаларына жатпайды?
b) Мұғалім шеберлігі
2. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын, белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - əрекеттерін нығайтады (Пажарес, 1992). Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары мыналардан тұруға тиіс:
b) Сенім, білім жəне болжамдар жиынтығынан
3. Қай білім беру теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан жəне достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді?
c) Сындарлы оқыту теориясы
4. Сындарлы оқытуда мұғалімдер оқушылардың қандай мүмкіндіктерін жүзеге асырмайды?
a) Оқытылатын тақырып бойынша білімдерін көрсету
5. Мұғалім тұлғасының білім беру сызбаларының қайсысы оқыту стилін таңдауға көбірек ықпал етеді?
c) Сенімдер
6. Мұғалімнің жұмысының тиімділігін қандай фактор анықтайды?
e) Аталған барлық факторлардың жиынтығы
7. Төмендегі стратегиялардың сыныптағы тиімді оқыту мен оқуға ықпал ететінін көрсетіңіз:
c) Мұғалімдер оқытудың түрлі əдістерін пайдалана отырып, эксперимент жасайды
8. Метатану термині оқыту үдерісіне қатысты алғанда, нені білдіреді?
c) Қалай оқу керектігін үйрету
9. Қай жағдайда балалардың жеке тəжірибесінің мəдениеті мен құндылығы оқу үдерісінің тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мəнмəтін деп қабылданады?
a) Жағдаяттық (ситуациялық) тануда
10. Қайсысы өздігінен реттелетін оқудың элементі болып табылады?
b) Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы
11. Қай авторлар өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде метатанудың маңызды аспектісі ретінде балалардың дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады?
a) Шанк пен Циммерман
12. Өздігінен реттелетін оқудың элементтерін анықтаңыз:
e) Жоғарыдағылардың барлығы
13. Пиаженің когнитивті дамыту теориясы болжамы:
a) Балалардың ойлау қабілетінің ересектердікінен айырмашылығы бар
14. Қай тұжырымдама оқудың ішкі немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған?
e) Оқу білімді түсіну жəне басқаша түсіндіру ретінде
15. 1960 жылдары когнитивті психология əлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан Жан Пиаженің теориясы басымдыққа ие болды. Төмендегі пікірлердің қайсысы Пиаже теориясын бейнелейді?
c) Когнитивті даму - өсіп келе жатқан баланың физикалық немесе азын - аулақ дəрежеде əлеуметтік дүниемен өз бетінше эксперимент жасауы




Ұқсас жұмыстар

Сыни тұрғыдан ойлану
Конструктивті оқыту заңдары
Мұғалім мен оқушы қатынасы
КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Қазақ тілін оқыту методикасы
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 сыныпта физика пәнін оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, әдістeмесін әзірлеу
Термодинамика тарауын оқыту әдістемесі
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
КӘСІБИ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ОҚУШЫ
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Қашықтықтан оқыту
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытудың әдiстемесі
ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
НАРЫҚТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ.
Физика сабағында оқушыларды қарқындата оқыту
Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Ахбаев Е.М. 2006-2007 оқу жылының ғылыми зерттеу жұмыс жоспары
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні