Алдын ала берілген Ілияс ақынның Анам тілі өлеңін жатқа сұрау
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Пән / сынып
Әдебиет, 6-сынып
Тақырып
Ілияс Жансүгіров: «Домбыра», «Күйге»
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекілік / байланыс
- Көрнекілік: слайд
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ән-музыка
Сабақтың мақсаты
Білімділік
І. Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру; «Домбыра», «Күйге» өлеңдерінің мән-мағынасын ашып, талдау.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық қабілеттерін шыңдау, шығармашылық ізденіске ынталандыру.
Тәрбиелік
Қазақ өнерін дәріптеуге, төл өнерімізге жанашырлықпен қарауға баулу.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Баяндау
- Түсіндіру
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сабаққа дайындығын қадағалау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдын ала берілген Ілияс ақынның «Анам тілі» өлеңін жатқа сұрау.
3) Жаңа сабақты меңгерту
Мәтінмен жұмыс
Тәттімбет, Құрманғазы күй ақтарған,
Тіл біткен домбыраға сияқтанған.
Жүректің қылын шертіп, жанын елтіп,
Сырларын сырбаз күйші жиі ақтарған.Тайпалып жорға болып салдырған күй,
Мейірін тыңдағанның қандырған күй.
Тартқанда зарылдатып, сұңқылдатып,
Аққуды аспандағы қондырған күй.
Қазақтың қоңыр домбырасында қаншама күмбір жатқанын елестетудің өзі қандай әсерлі. Осы бір төл саз аспабы арқылы талай күйшілеріміз халқымыздың тарихын, көңіл күйін, арман-мұратын күй тілімен сөйлеткен.
Домбыра туралы талай ақын, талай сөз зергері жалынды жыр жазып, ұрпаққа мұра қалдырды. Бүгінгі сабақта біз Ілияс Жансүгіровтің «Күйге» және «Домбыра» өлеңдерін талдап, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін талқылаймыз.
Алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасайық.
Ілияс Жансүгіров: өмірі мен шығармашылығы (қысқаша хронология)
| Жыл | Оқиға |
|---|---|
| 1894 | І. Жансүгіров Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келді. |
| 1920 | Алматыға келіп, 3 айлық мұғалімдер курсынан өтті. |
| 1928 | «Сағанақ» атты тұңғыш кітабы жарық көрді. |