Тіл ұстарту жаттығуы арқылы тілдерін дамыту
Сабақтың қысқаша сипаттамасы
Білім беру саласы
Коммуникация
Бөлімі
Сауаттылық негіздері
Тақырыбы
Қ дыбысы мен әрпі
Мақсаты
- Қ дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету.
- Тіл ұстарту жаттығулары арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Дидактикалық ойындар арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.
- Буындарды және қысқа сөздерді оқуға жаттықтыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- Жұмыс дәптері
- Қолайна
- Әріп қималары
Үш тілдік сөздік (қазақша — орысша — ағылшынша)
- Қар
- снег — snow
- Қолғап
- варежка — gloves
- Құлақшын
- шапка — cap
- Қарбыз
- арбуз — melon
Ескерту: ағылшынша баламалар мағыналық жақындықпен берілді.
Мотивациялық кезең
Балалармен сәлемдесу. «Ғажайып сәт»: бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ерекше өтеді. Тәрбиеші балабақшаға келе жатқанда жолдан кішкентай сандықша тауып алғанын айтады. Сандықшаның ішінде тапсырмалар бар, оны бірге ашып, орындауға шақырады.
Жұмбақтар
-
Қос қолыма киемін,
Жып-жылы боп жүремін. -
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді басты ақ мамық. -
Маңдайы бар, тілі жоқ,
Құлағы бар, үні жоқ. -
Сырты қатты,
Іші тәтті.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Сұрақ-жауап арқылы бағыттау
- Жұмбақтардың шешуі қай дыбыстан басталады?
- Бұған дейін қандай әріптермен таныстық?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Ал дауыссыз дыбыстарды ше?
Негізгі ой
Бүгін біз Қ дыбысы мен әрпімен танысамыз: дыбысты естиміз, ал әріпті көзбен көреміз. Мысалы, қол шапалақтасақ немесе үстелді тықылдатсақ — дыбыс шығады, ал әріпті жазамыз және оқимыз.
Қ дыбысының артикуляциясы
Ерін
Ашылады.
Тілдің ұшы
Астыңғы тістің түбіне тиеді.
Тілдің үстіңгі жағы
Таңдайға тиеді.
Қ дыбысы — дауыссыз дыбыс, әдетте көк түспен белгіленеді. Бұл — қазақ тілінің төл дыбыстарының бірі, сондықтан оны анық әрі таза айтуға дағдыланамыз.
Экраннан Қ дыбысын әліппиден тыңдатуға болады. Одан кейін балалар қолайнаға қарап, хормен «Қ» деп айтады.
Тіл ұстарту жаттығулары
Қа-қа-қа — бақылдайды бақа.
Қа-қа-қа — атам берді соқа.
Ақ-ақ-ақ — басыңа қонсын бақ.
Гүлденіп кетті бақ,
Әжем маған жақ,
Боларсың әр кез сақ,
Секіреді лақ,
Сылдырайды бұлақ.
Әріппен жұмыс
- Қ әрпінің баспа және жазба түрімен танысу.
- Қ әрпін ауада жазып көру.
- Өткен әріптерді қосып сөз құрау: ана, ата, аға, нар, от, Отан.
- «Қара» сөзіне дыбыстық талдау жасап, буынға бөлу.
«Сөзден сөйлем құра» ойыны
Ойын шарты: үстел үстіндегі заттардың атын атап, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
Сергіту сәті
Ұнды қолмен аламыз,
Бетіне тұз саламыз,
Жылы суды құйып ап,
Араластырып қоямыз.
Дәптермен жұмыс
Жұмыс дәптері: №15 тапсырма орындалады.
Өлеңмен бекіту (тыңдалым тапсырмасы)
Тәрбиеші Қ. Мырза Әлидің «Құттықтау» өлеңін мәнерлеп оқиды. Ереже: өлең жолдарында «Қ» дыбысы естілсе — қол шапалақтаймыз, ал естілмесе — аяқпен томпылдатамыз.
Қуанышы баланың,
Қуанышы ананың.
Қуанышы ананың,
Қуанышы баланың.
Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын, апатай,
Құтты болсын мерекең.
Дидактикалық ойын: «Жалпы атауын ата»
Берілген сөздерді біріктіретін ортақ атауды табу.
Топ 1
Қоян, қасқыр, түлкі
Топ 2
Қызыл, жасыл, сары, көк
Топ 3
Қас, көз, қол
Топ 4
Май, шай, нан
Топ 5
Қызғалдақ, раушан, түймедақ
Топ 6
Қаз, үйрек, қарлығаш
Қорытынды
Сабақ барысында балалар Қ дыбысының артикуляциясын меңгеріп, оны басқа дыбыстардан ажыратады, Қ әрпін танып, сөз құрастырып, дыбыстық талдау жасайды. Ойын, өлең және жаттығулар арқылы білім бекітіледі.