Туған елдің ұлы бол
Сабақ тақырыбы
Тілдің мерейі – елдің мерейі.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды қазақ елін және қазақ тілін қастерлеуге тәрбиелеу.
- Ой-өрісін кеңейту, шешендік өнердің қыр-сырын ұғындыру.
- Тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Көрнекілігі
- Мақал-мәтелдер
- Тіл туралы заңнан үзінділер
- Қолөнер көрмесі
Сабақ барысы
- Оқушыларды сапқа тұрғызу.
- Әнұранды орындау.
- Кіріспе сөз.
- Өлең, ән, көрініс, ойындар арқылы мазмұнды ашу.
- Қорытынды.
Кіріспе ой
Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы – халықтық педагогиканың асыл қазынасын кеңінен пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға жол ашқан үлкен қуаныш.
Қазіргі заман талабы ұлттық дәстүрді терең танып, оны тәрбие үдерісінде тиімді қолдануды көздейді. Ол үшін ата-бабадан қалған асыл мұраларды, тұрмыс-салтты, үлгі-өнегені өмірімізде жүзеге асыруымыз қажет.
Елімізді әлем танып жатқан шақта тәуелсіздіктің тірегі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл. Тіл – ұлттың тарихи келбетінің айқын белгісі.
Түйін: Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Ендеше ата өсиетіне құлақ асып, ана тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.
Өлең: «Туған тілім» (Дихан Әбілев)
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – данам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ән
«Ана тілін сүйемін»
Тіл туралы толғаныс
Тілім менің! Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің, тұнығым, рухани жан азығым. Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім. Тілім үшін мың өліп, мың тірілген елім.
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай, жауға да алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл – бәрімізге қымбат мұра, бай қазына!
Өлең: Ана тілі туралы
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ән
«Ананың тілі – аяулы үні»
Шешендік рухы: би толғауы
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолым, салтым бар.
Кең даладай жиналмаған жан-жағы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
Тілім менің – ерлігім де, елдігім,
Кемеңгерім, шешендігім, кеңдігім.
Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.
Ежелден ұлы елміз, ірі іргелі,
Шежіреміз, тарихымыз ілгері.
Менің тілім – Қаз дауысты Қазыбек,
Әйтеке мен Төле бидің тілдері.
Көрініс
«Төле бидің төрелігі»
Күй
Күй орындау (сабақтың көркемдік бөлігі).
Қорытынды
Тіл – ұлттың жаны, тарихтың ізі, ұрпақтың рухани тірегі. Ана тілін құрметтеу – елдікті құрметтеу. Тіліміз өссе, мерейіміз өседі.