Қазақстанда неше астана болды аттарын ата

Тәрбие сағатының мақсаты

  • Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру.
  • Елбасының өмірі мен еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке және азаматтыққа баулу.
  • Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.

Әдісі

Саяхат-сабақ, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта: портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Астанаға қатысты суреттер.

Формат

Топтық жұмыс: «Астана» және «Бәйтерек» топтары.

Кіріспе

Тәрбиеші:

Көк байрақты туым бар,

Рухы биік елім бар.

Ырыс пен арды ойлаған,

Ел басқарған ерім бар.

Егеменді Отанымның,

Қасиетті қазағымның,

Ел басы кім, айтыңдар?

1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған жас мемлекет — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бүгінгі тәрбие сағатында әділетті ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақ пен тұтастықты, бірлік пен берекені жоғары қойған, ұрпақ санасына сергектік дарытуды мақсат еткен әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат аламыз.

Елбасының сөзінен

«Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Мен осы халықтың қаны мен жанынан жаралған перзентпін. Сондықтан қиын кезеңде өз мойныма түскен ауыр жүкті көтеруге міндеттімін.»

Саяхат-сабақ: аялдамалар бойынша сұрақтар

Оқушылар «Астана» және «Бәйтерек» топтарына бөлініп, төмендегі аялдамалар бойынша сұрақтарға жауап береді.

1-аялдама: Қазақстан

10 сұрақ
  1. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?
  2. Қазақстан тарихындағы алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы қашан өтті?
  3. Қазақстанда неше облыс бар?
  4. Қазақстан ұлттық валютасының «туған күні» қашан?
  5. Қазақстан Конституциясы қай жылы қабылданды?
  6. Қазақстан неше елмен шектеседі?
  7. Қазақстанда неше астана болды? Аттарын атаңдар.
  8. Балқаш көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан?
  9. Тәуелсіздік күнін қай күні мерекелейміз?
  10. Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы жарлық қашан шықты?

2-аялдама: Мемлекеттік рәміздер

Ту · Елтаңба · Әнұран

Ту

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы қай күні қабылданды?
  2. Ресми тұсаукесері қай күні өтті?
  3. Авторы кім?

Елтаңба

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қай күні қабылданды?
  2. Ресми тұсаукесері қай күні өтті?
  3. Авторлары кім?

Әнұран

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны қай жылы қабылданды?
  2. Авторлары кім?

3-аялдама: Елбасы

8 сұрақ
  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  2. Елбасымыздың туған жері қай өңір?
  3. Елбасының анасының аты кім?
  4. Әжесінің аты кім?
  5. Орта мектепті қай жылы бітірді?
  6. Қай қалаға барып жұмысқа орналасты?
  7. Қай жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыды?
  8. «Балалық шағымның аспаны» фильмі кімнің балалық шағы туралы?

4-аялдама: Астана

Слайд

Бәйтерек

«Астана — Бәйтерек» құрылысының түпкілікті нұсқасы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде дүниеге келген. Елбасы бұл нысанды символдық биіктігі 97 метр (жалпы биіктігі 105 метр) болатын, ашылып келе жатқан қызғалдақ пішінінде елестеткен.

Символдық биіктігі

97 м

Жалпы биіктігі

105 м