Топ басшысын сайлау

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы (9-сынып, Қазақстан тарихы)

Бұл сабақ соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстандағы өнеркәсіптің қалпына келуі мен дамуының негізгі бағыттарын түсіндіруге бағытталған. Оқушылар өнеркәсіптің жетекші салалары, экономиканы басқару ерекшеліктері және әлеуметтік ахуалдың өзгерісі туралы жүйелі білім қалыптастырады.

Сабақтың оқу мақсаттары

  • Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы туралы мәлімет алу.
  • Өнеркәсіптің дамуына ықпал еткен басқару шешімдерін және олардың нәтижелерін талдау.
  • Соғыстан кейінгі әлеуметтік жағдайды қазіргі кезеңмен салыстырып, дәлелді пікір айту.

1-деңгей: білу, түсіну

Оқушылар соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан өнеркәсібінің қай салалары жедел дамығанын анықтайды.

2-деңгей: қолдану, талдау

Экономиканы тиімді басқару арқылы өнеркәсіптің даму ерекшеліктерін ажыратып, себеп-салдарлық байланыс құрады.

3-деңгей: жинақтау, бағалау

Соғыстан кейінгі әлеуметтік жағдай мен өнеркәсіп дамуын қазіргі кезеңмен салыстырып, қорытынды пікір ұсынады.

Тілдік мақсат және негізгі ұғымдар

Тақырыпты меңгеру үшін төмендегі терминдерге сүйену маңызды. Анықтамалар оқушыға ұғымдардың мазмұнын нақтылауға көмектеседі.

Демобилизация
Армияның сандық құрамын қысқарту, әскери қызметін өтегендерді босату; қарулы күштер мен халық шаруашылығын соғыс жағдайынан бейбіт жағдайға көшіру үдерісі.
Түсті металлургия
Түсті металдарды өндіру, байыту, олардың қорытпаларын құю және өңдеумен айналысатын ауыр өнеркәсіп саласы. Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады.
Қара металлургия
Шойын, болат, илем өнімдері мен ферроқорытпаларды өндіретін, қайта өңдеудің толық циклін қамтамасыз ететін ірі сала. Қазақстанда бұл сала Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары салыстырмалы түрде жаңа бағыт ретінде қалыптасты.
Технология
(гр. techno — өнер, шеберлік; logos — ілім) ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдыру әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
Ғылыми-техникалық прогресс
Ғылым мен техниканың біртіндеп, өзара сабақтаса дамуы. Оның бастауын 16–18 ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен, теория мен техникалық қызметтің жақындасуынан көруге болады.

Ресурстар және пәнаралық байланыс

Ресурстар

АКТ, карта, атлас, иллюстрациялар.

Пәнаралық байланыс

География, химия, биология.

Алдыңғы білім: 5-сынып бағдарламасы — «Қазақстан тарихынан әңгімелер» (117-бет, §26: «Тың және тыңайған жерлерді игеру»).

Сабақ құрылымы: кезеңдер мен тапсырмалар

Сабақ логикасы оқушыны қызықтырудан бастап (психологиялық ахуал), білімді өзектендіру, жаңа материалды меңгерту және қорытынды бағалауға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут
  1. Психологиялық ахуал: «Сағат тіліндегі дос» әдісі арқылы оқушылар жағымды қасиеттерін айтып, бір-бірімен танысады.
  2. Тақырыпты анықтау: «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы» сөз тіркесін құрастырып, тақтаға ілу.
  3. Топқа бөлу: «Мозаика» әдісі (ақша, машина-трактор, жылқы-түйе-қой, ет-сүт/астық/мақта-мата, И. Сталин және Н. С. Хрущев суреттері) арқылы 5 топ құру.
  4. Топ басшысын сайлау: бағалау парағын тарату.

Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

1-деңгей (білу, түсіну): «Суреттер сөйлейді»

Әр топ өзіне берілген суретті үй тапсырмасымен байланыстырып, қысқа әңгімелеу дайындайды.

  • 1-топ: Ақша
  • 2-топ: Машина-трактор
  • 3-топ: Жылқы, түйе, қой
  • 4-топ: Ет-сүт, астық, мақта-мата
  • 5-топ: И. Сталин және Н. С. Хрущев

2-деңгей (қолдану, талдау): «Терминдер құпиясы»

5 минут

Әр топқа терминдер беріледі. Міндет: мағынасын ашып, мысалмен түсіндіру.

Реформа
Өзгеріс енгізу, басқару ісін жаңарту, қайта құру.
МТС
Машина-трактор станциялары.
Қаракөл
Туғанына 1–3 күн болған қаракөл қозыларынан алынатын елтірі; қалың, жібек тәрізді бұйра түгімен ерекшеленеді.
Селекция
Будандастыру арқылы жаңа түр шығару, жақсарту, сұрыптап алу әдісі.
Аграрлық дағдарыс
Ауыл шаруашылығында өнімнің артық өндірілуінен немесе жеткіліксіз өндірілуінен туындайтын дағдарыс.

3-деңгей (жинақтау, бағалау): тест тапсырмалары

  1. 1. Карточкалық жүйе қай жылы жойылды?
    1948 1947 1946 1949 1945
  2. 2. И. Сталин қай жылы қайтыс болды?
    1950 (6 наурыз) 1951 (7 қаңтар) 1952 (9 қаңтар) 1953 (5 наурыз) 1955 (11 наурыз)
  3. 3. Ақша реформасы қай жылы жүргізілді?
    1947 1948 1950 1949 1946
  4. 4. Жазылбек Қуанышбаев қай жылы «Орақ және балға» алтын медалімен марапатталды?
    1954 1955 1956 1957 1958
  5. 5. Қай жылдары колхоздар мен совхоздардағы мал басын көбейту мақсатымен ауыл тұрғындарынан ірі қара мал алу басталды?
    1956–1957 1957–1958 1958–1959 1955–1956 1951–1953

Бағалау: үй тапсырмасын қорытындылау.

Жаңа сабақ

1 минут 7 минут

Мәтінмен жұмыс: «Түртіп алу» әдісі

5 топқа 5 мәтін таратылады. Оқушылар негізгі ойды, түйінді оқиғаларды белгілеп, мағынасын түсіндіреді.

Картамен жұмыс

Қазақстандағы негізгі өнеркәсіп орталықтары қай қалаларда шоғырланғанын анықтап, картадан белгілеу.

Сабақты бекіту

3 минут

1-деңгей (білу, түсіну): сәйкестендіру

Жұптық жұмыс: кесте бойынша сәйкестендіру, өзара тексеру.

1945, 23 маусым КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында демобилизация туралы заң қабылданды.
1946, наурыз 1946–1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар туралы заң қабылданды.
1947 Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды.
1950 Ембі және басқа кәсіпшіліктерді іске қосу нәтижесінде мұнай өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға артты.
1959 Қазақстан картасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды.
1960 Өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті: 729 ірі кәсіпорын және 535 цех іске қосылды.

Бағалау: дұрыс жауап слайд арқылы көрсетіледі.

2-деңгей (қолдану, талдау): «Жылдар құпиясы»

Слайдтағы деректер бойынша жылдарды анықтау.

  1. 1) Ұзындығы 483 км Мойынты–Шу теміржол тармағы салынды — 1950.
  2. 2) Пайдаланылатын теміржол ұзындығы 8407 км-ден 9973 км-ге дейін ұзарды — 1951–1955.
  3. 3) Тас төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 11,2 мың км-ге жетті — 1960.
  4. 4) Республикада 10,5 млрд кВт/сағ электр қуаты өндірілді — 1960.
  5. 5) Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті — 1951–1955.

Бағалау: топ басшылары ұпайларды бағалау тақтасына белгілейді.

3-деңгей (жинақтау, бағалау): қорытынды тест

  1. 1. 1946–1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспар нені қарастырды?
    Өндірісті автоматтандыру Автокөлік жолдарын салу Ауыр өнеркәсіпті дамыту Тың жерлерді игеру Жаңа мұнай құбырларын салу
  2. 2. 1960 жылдары ірі қалалардың пайда болу себебі:
    Демографиялық саясат Инфрақұрылымның дамуы Ірі пайдалы кен орындарын игеру Миграциялық саясат Жаңа жерлерді игеру
  3. 3. 1958 жылы Қазақстан өнім шығарудан одақтас республикалар бойынша нешінші орынға шықты?
    5 4 3 2 1
  4. 4. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырышты қай жылы шығарды?
    1942 1947 1948 1945 1944
  5. 5. 1960 жылдардың соңында Қазақстандағы теміржол ұзындығы неше мың км-ге жетті?
    12 120 км 14 500 км 16 000 км 13 120 км 15 200 км

Бағалау: топ басшылары қорытынды ұпайларды белгілейді.