Газ гидраттары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тақырыптың мәнін ашу, жаңа материалдармен таныстыру және негізгі ұғымдарды жүйелі түрде түсіндіру. Мұнай кен орындарының өлшемі мен пішініне қатысты техникалық сипаттамаларды қарастыру арқылы оқушылардың түсінуін нығайту.
Тәрбиелік
Ұжымшылдыққа, үнемділікке және ұқыптылыққа баулу. Өз мамандығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Өз бетінше іздену дағдысын қалыптастыру, ой-өрісті кеңейту және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтар және оқыту әдістері
Көрнекіліктер
- Компьютердегі слайдтар
- Оқулық
- Плакаттар
- Суреттер мен сызба-схемалар
Оқыту әдістері
- Топтық жұмыс
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру
- Түсіндіру
- Баяндау
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минутОқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығын бағалау және дәрісхананың тазалығына назар аудару.
II. Өткен тақырып бойынша білімді тексеру
23 минут1-тапсырма: оқушыларға ауызша сұрақтар қойылып, негізгі анықтамалар мен түсініктер нақтыланады.
1) Абсолюттік ылғалдылық дегеніміз не?
Абсолюттік ылғалдылық — қалыпты жағдайдағы 1 м³ газ құрамында болатын су буының массасы.
2) Салыстырмалы ылғалдылық қалай анықталады?
Салыстырмалы ылғалдылық — газдағы су буының мөлшерінің ылғал сыйымдылыққа қатынасы. Ол газ құрамындағы су буының парциалды қысымының берілген температурадағы су буының қанығу қысымына қатынасы арқылы анықталады.
3) Газ гидраттары дегеніміз не?
Газ гидраттары — көмірсутектердің сумен түзетін қатты кристалды, тұрақсыз қосылыстары. Сыртқы түрі сарғыш түсті, жұмсақ қарға ұқсас болуы мүмкін. Гидраттар қысым артқанда, белгілі бір температура жағдайында пайда болады.
4) Қабат сулары қандай рөл атқарады?
Қабат сулары — мұнай кен орындарында ұңғы өнімімен бірге өндірілетін және оның ажырамас бөлігі болып саналатын компонент. Олар кәсіпшілікте мұнайды жинау және дайындау кезінде едәуір қиындық туғызуы мүмкін. Әртүрлі кен орындарындағы қабат сулары, әдетте, құрамындағы еріген минералды тұздардың концентрациясына, газдардың және микроорганизмдердің болуына қарай ажыратылады.