Қызық өрмекші көріңіз бейнефильм

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп

Пән / Сынып

Дүниетану, 3-сынып

Мұғалім

Енсегенова Жанылсын Ескуатовна (бастауыш сынып мұғалімі)

Сабақ тақырыбы

Улы өрмекшітәрізділер

Жалпы мақсат

Улы өрмекшітәрізділер туралы жан-жақты мәлімет беру.

Күтілетін нәтижелер

  • Улы өрмекшітәрізділер тобына жататын жәндіктерді ажыратады.
  • Олардың тіршілігі мен ерекшеліктері туралы пайымдаулар жасайды.
  • Улы өрмекшітәрізділердің пайдасы мен зиянын салыстырып, өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіреді.

Сабақтың түрі мен әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс Жеке жұмыс Топтастыру Шығармашылық жұмыс

Қажетті жабдықтар

  • Кестелер
  • Ресурстар
  • Суреттер
  • Бейнефильм

Кіріспе бөлім

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Танысу сәті (рольдік атаулар):

  • Ақылды Айжан
  • Ерікті Ержан
  • Батыр Болат

Топқа бөлу

Оқушылар суреттерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді: өрмекші, қарақұрт, бүйі, кене.

Тұсаукесер

Үй тапсырмасын пысықтау

«Иә / Жоқ» стратегиясы бойынша тұжырымдар:

Тұжырым Жауап
Жауынқұрт топырақтың беткі қабатында тіршілік етеді. Иә
Жауынқұрт топыраққа зиян келтіреді. Жоқ
Паразит-құрттар адамның немесе жануарлардың ішінде болады. Иә
Ұлудың көзі арқасында орналасқан. Жоқ
Жауынқұрттар жаңбыр жауған кезде жер бетіне шығады. Иә
Ұлулар қыста ұйқыға кетеді. Иә
Ұлулар жұмыртқаларын жердің бетіне тастайды. Жоқ
Ұлулар 27 күнде жұмыртқаларын басып шығарады. Иә

Өзекті сұрақ

Өрмекшітәрізділерге нелер жатады?

Негізгі бөлім

Қызығушылықты ояту

  1. 1) «Қызық өрмекші» бейнефильмін көру.

  2. 2) Талқылау: өрмекшітәрізділердің негізгі белгілері.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқу, маңызды ақпаратты белгілеу, сұрақтарға жауап беру.

Топтық жұмыс: кесте толтыру

1-топ: Өрмекшітәрізділер

  • Жәндіктерден айырмашылығы
  • Дене пішіні, түсі
  • Пайдасы
  • Жемін ұстау тәсілі

2-топ: Қарақұрт

  • Қайда тіршілік етеді?
  • Қоректенуі
  • Зияны
  • Түрі (ерекшелігі)

3-топ: Бүйі

  • Дене ұзындығы
  • Қайда кездеседі?
  • Көбеюі
  • Бүйі шаққанда не болады?

4-топ: Кене

  • Қайдан жабысады?
  • Денеге жабысқанда не істеу керек?
  • Кене қай кезде көп болады?
  • Қандай ауру тудырады?

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалысқа арналған қысқа жаттығулар орындалады.

Шығармашылық жұмыс

«Биопоэма» әдісі арқылы «Өрмекші» тақырыбына шағын мәтін жазу.

1

Аты

2

Сипаттайтын 2–3 сөз

3

Жақсы көретін заты

4

Неден қорқады

5

Басынан өткізген сезімі

6

Болашақтан күтетін үміті

7

Мекенжайы

8

Тегі

Білімді бекіту

«Сен қалай ойлайсың?» ойыны арқылы өрмекшінің өрмегі әдісімен сабақ қорытындыланады. Әр топ басшысына пікір білдіретін тұжырымдар ұсынылады.

Тұжырымдар (1-бөлік)

  • 1-топ: Өрмекшінің сегіз аяғы бар.
  • 2-топ: Барлық өрмекшілер улы.
  • 3-топ: Адамдарға өрмекшілердің уы қауіпсіз.
  • 4-топ: Қарақұрт шақса, бірден дәрігерге қаралу керек.

Тұжырымдар (2-бөлік)

  • 1-топ: Қазақстан аумағындағы ең ірі өрмекшітәрізді — бүйі.
  • 2-топ: Кене — ауру тасымалдаушы.
  • 3-топ: Ашық киім кию арқылы кенеден сақтануға болады.
  • 4-топ: Орман кенесі адам денсаулығы үшін қауіпті.

Рефлексия және бағалау

Рефлексия

Оқушылар өз әсерін, түсінгенін және қиындықтарын қысқаша білдіреді.

Бағалау

Топтық және жеке жұмыстың нәтижесі бойынша формативті бағалау жүргізіледі.

Материалдар

  • Толық нұсқа

    Жүктеу үшін дайын материал.

  • Слайдтар

    Сабаққа арналған презентация.

  • Сергіту әуені

    Сергіту сәтіне арналған аудио.