Туған жылы, жері

Сабақ тақырыбы

М. Өтемісұлының өмірі мен ерлігі («Ереуіл атқа ер салмай...»), презентациямен.

Сабақтың мақсаты

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жүйелі мәлімет беру.

Білімдік мақсат

Ақынның өмірі, шығармашылығы, ерлік істері және тарихи жағдай туралы білімді өзектендіру; ақпаратты қысқа әрі нақты тұжырымдауға үйрету.

Дамытушылық мақсат

Қосымша деректерді орынды қолдануға бағыттау, шығармашылық ізденіске жетелеу, көркем тілмен сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсат

Елін, жерін сүюге, ерлікке және азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа білімді игеру

Әдістер

Ой қозғау, мағынаны тану, баяндау, сұрақ-жауап, синквейн.

Көрнекілік

  • Интербелсенді тақта
  • Суреттер
  • Кеспелер
  • Тірек-сызба

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру

    Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын және оқу құралдарын тексеру.

  2. II. Қызығушылықты ояту

    Күн жадын жаздыру.

    Тақтаны үш бөлікке бөліп, оқушыларға дәптерге кесте сыздыру: «Білемін» — «Білгім келеді» — «Үйрендім».

    Бүгін Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын қарастырамыз. Төменгі сыныптардан білетін мәліметтерді «Білемін» бағанына жазыңдар, ал қызықтырған сұрақтарды «Білгім келеді» бағанына енгізіңдер. «Үйрендім» бағанын сабақ соңында толтырамыз.

    Мысал бағыттар

    • Туған жылы мен туған жері
    • Батыр әрі ақын ретінде танылуы
    • «Қызғыш құс», «Бағаналы терек» сияқты туындылары
    • Ерлігі мен күйшілік мұрасы
  3. III. Жаңа сабақ: «Өмір — дерек»

    Ақын өмірінен негізгі даталар мен оқиғалар (слайд бойынша).

    1803

    Дүниеге келді.

    1824–1828

    Жәңгір хан ордасымен байланысты кезең.

    1829

    «Қалмыков» қамалында тұтқында болды.

    1830

    Түрмеден қашып шықты.

    1833–1836

    Көтеріліске дайындық кезеңі.

    1836

    «Қиялымола» көтерілісі.

    1838

    Исатайдың қазасы.

    1846

    Дүниеден өтті.

    «Махамбет — қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі... Махамбет жырлары — өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні».

    Мұхтар Әуезов
  4. Махамбет Өтемісұлының шежіресі

    Жаубасар — Құлмәлі — Өтеміс — Тоқтамыс — Бекмағамбет — Қожахмет — Махамбет — Ысмайыл — Досмайыл — Сүлеймен — Ыбырайым — Әйіп — Хасен.

  5. Ақынның азаматтық болмысы

    Махамбет — халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, «елім» деп еңіреген ақын. Оның поэзиясы — өз дәуіріндегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар қозғалысының айқын үні.

    Отанын сүйген патриот ретінде ол өлеңдерін көпшілік мүддесіне қызмет еткізіп, еңбекші халықтың мұңын жоқтады.

    Өтемістен туған он едік,

    Онымыз атқа мінгенде — жер қайысқан қол едік.

  6. Махамбеттің күйлері

    • «Жайық асу»

    • «Жауға шапқан»

    • «Жұмыр қылыш»

    • «Қайран нарын»

    • «Өкініш»

    Махамбеттің күйлерін орындап, халыққа кеңінен жеткізіп жүрген күйшілердің бірі — Айгүл Үлкенбаева.

    Сабақта «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату ұсынылады.

  7. IV. Мағынаны тану: мәтінмен жұмыс

    Сынып 3 топқа бөлініп жұмыс істейді. Әр топ берілген тақырып бойынша мәтіндермен жұмыс жасап, қысқаша қорытынды ұсынады.

    I топ

    «Ереуіл атқа ер салмай...»

    II топ

    «Көтерілістің шығу себептері»

    III топ

    Махамбет — күйші

  8. V. Рефлексия: синквейн құрастыру

    Оқушылар 5 жолды синквейн жазады. Құрылымы:

    Ереже

    1. 1)Тақырып атауы — 1 зат есім
    2. 2)Сипаттау — 2 сын есім
    3. 3)Қимыл — 3 етістік
    4. 4)Ой түйін — 4 сөзден тұратын тіркес
    5. 5)Мәнін ашу — 1 синоним сөз

    Мысал

    1. 1. Махамбет
    2. 2. Батыр, бірбеткей
    3. 3. Жырлайды, қорғайды, қамығады
    4. 4. Елім деп еңіреген ақын
    5. 5. Дауылпаз

    Оқушылар синквейндерін оқып береді. Сабақ Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңінен үзіндімен қорытындыланады.

    Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
    Әр адамда өз анасынан басқа
    Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
    Болу керек құдіретті төрт ана:
    Туған жері — түп қазығы, айбыны,
    Туған тілі — сатылмайтын байлығы,
    Туған дәстүр, салт-санасы — тірегі,
    Қадамына шуақ шашар үнемі.
    Және туған тарихы — еске алуға қаншама.

    Мұхтар Шаханов, «Төрт ана»
  9. VI. Үй тапсырмасы

    Берілген тақырып бойынша материалды қайталау және мәтінмен жұмысқа дайындалу.

  10. VII. Бағалау

    Топтық жұмыс, жауап беру белсенділігі және синквейн нәтижесі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.