Фариза Оңғарсынова өлеңіӨзімді таныстыруТүркістан - Ата жұртым, дала - жаным

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Өзімді таныстыру
Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным.
Даламды жұпыны деп қарамағын:
Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб -
киелі жатыр мұнда бабаларым -
әрқайсы алтын діңгек дараларым.
Қансырап Далам талай қылыштардан,
сонда да сүрінбеген Шығыс - тарлан.
Дұшпанын ыққан малдай түріп айдап,
ұлдары Ер Түріктің ұрыс салған,
бар әлем тілсіз қалды ығысқаннан.
Ақ Баян сұлу Жібек - ерен гүлім,
жүргендей сіңлілерін жебеп бүгін,
үйреткен өмірімен, өлімімен
жігітті қалай сүю керектігін.
Ана жұрт - Анадолым құндыз бағы,
қол жетпес еңлік гүлдей шын - құздағы.
Ер Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз -
аспанның жерде жанған жұлдыздары,
Күн болар қатар жанса жұлдыз бәрі.
Қуансам, Күншығыстай нұрлы жүзім,
қуамын арғымақпен жыр қызығын.
Мекенім - Тұран дала, әз Түркістан,
түріктің батыр көңіл бір қызымын!



Ұқсас жұмыстар

Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Туған дала
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Ұ. Есдәулетов поэзиясындағы азаматтық үн
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
ТАЙМАНҰЛЫ ИСАТАЙ
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Оңтүстік Корея Республикасының дамыған елдер қатарына қосылудағы мемлекеттік шараларының рөлі